Международный секретариат G-Global г.Нур-Султан, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

АУЫЛШАРУАШЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

ПРОБЛЕМЫ И ОСОБЕННОСТИ РАЗВИТИЯ ОТРАСЛИ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА

 

PROBLEMS AND FEATURES OF DEVELOPMENT OF AGRICULTURE

 

Б. БЕКБЕНБЕТОВА,    

э.ғ.к.,

Ж.Б.РАХМЕТУЛИНА,

э.ғ.к.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

 

Б. БЕКБЕНБЕТОВА,    

к.э.н..

Ж.Б. РАХМЕТУЛИНА,

к.э.н.,

Евразийский национальный университет

им. Л.Н.Гумилева;

B.BEKBENBETOVA,

PhD (Economics),

ZH.B. RAKHMETULINA,

PhD (Economics),

L.N. Gumilyov Eurasian National University

Аңдатпа: Мақалада Қазақстанның ауылшаруашылық саласы болашақтада берері көп, үлкен мүмкіндікті иеленіп отырған ұлттық шаруашылықтың басты бағыты ретінде қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекет үшін бұл саланың тиімді дамуын және оның экономикалық өсуін қамту негізгі міндет екені басып айтылған. Өйткені, аграрлық сектордан алынатын өнімдер - адам тіршілігінің, яғни қоғамның дұрыс деңгейде қалыптасуының негізгі көзі. Көптеген материалдарды пысықтау барысында, ауыл шаруашылығы – мемлекетті ішкі ресурстармен қамтамасыз ететін және оның сыртқы нарықтағы орнын айқындайтын маңызды сала, яғни оның өнімдері ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болуы белгіленді.

Бұл еңбекте шығарылған салалық өнімдердің көлеміне, негізгі бағыттарын есепке ала отырып, бағалау және Қазақстан өңірлерінің өнімдері көлеміне құрылымдық талдау жүргізілген, сонымен қатар біршама жылдар ішінде ЖІӨ құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі анықталған. Жүргізілген талдау негізінде өсімдік шаруашылығы дамуының мал шаруашылығына қарағанда, түрлі себептерге байланысты, басым болғаны анықталды.

Түйін сөздер: аймақ, құрылымы, талдау, шығару, ауыл шаруашылығы, сала, жалпы ішкі өнім, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, астық, өнімділігі, өнім, әлеует, шикізат, қайта өңдеу,

Аннотация: Аннотация. Рассматривается сельскохозяйственное производство республики, как важная отрасль национального хозяйства. Проанализирован спрос на продукцию на внутреннем и внешнем рынках. Дан анализ обьемов основных видов продукции, в т.ч. по регионам. Определена доля селького хозяйства за ряд лет в структкре ВВП. Выявлен опережающий рост производства продукции растениеводства по сравнению с животноводческой продукцией и его причины. Отмечены проблемы низкого уровня сельскохозяйственного производства, в связи с сосредоточенностью их в хозяйствах населения: старая техника и технология; низкая квалификация сельхоз работников; нехватка финансовых ресурсов. Обоснована необходимость государственной поддержки сельхозпроизводителей как в аспекте решения их финансовых, так и не финансовых проблем. В связи с низкой производительностью в сельском хозяйстве, которая может привести к экстенсивному развитию отрасли, дан ряд рекомендаций, в числе которых: рациональное использование земельных ресурсов, улучшение ее состояния и на этой основе повышение их продуктивности; совершенствование деятельности самих землепользователей; повышение ответственности посреднических предприятий при выполнении своих обязательств перед сельхозпроизводителями, что в конечном итоге могло бы способствовать формированию логистических комплексов в аграрном деле.

Ключевые слова: сельскохозяйственное производство, регион, структура, анализ, выпуск, отрасль, валовой внутренний продукт, растениеводство, животноводство, зерно, продуктивность, продукция, потенциал, сырье, переработка.

Annotation: The article considers agriculture as an important sector of the national economy with great potential, today and for the future. Emphasized that the state ensure the effective development of the industry, is an important task, as the products of the agricultural sector is the main source of human life, and therefore the basis of proper formation of society. In this regard, based on the study of the many materials it is determined that the products of this industry has a great demand in both domestic and foreign markets. In the article the analysis of the volume of output of industrial products by main areas, structural analysis of the volume of production by regions of Kazakhstan and define the share of agriculture over a number of years in structnre of GDP. Based on the conducted analysis revealed rapid growth of crop production compared to livestock production due to various reasons.

Keywords: region, structure, analysis, issue, agriculture, industry, gross domestic product, растиеноводство, stock-raising, grain, productivity, products, potential, raw materials, processing.

Кіріспе. Қазахстанда (ұлттың дәстүрлі саласы ретінде де) ауыл шаруашылығы ел экономикасының басты салаларының бірі болып табылады. Бүгінде, ол өз мүмкіндігі бойынша, барынша жеткілікті дәрежеде халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға, сондай-ақ басқа елдерге өз өнімдерін экспорттауға күш салуда: мақта, дәнді-дақылдарды, ет және ет өнімдерін және т.б. Озат астық компаниялары ірі әлемдік экспорттаушылардың алдыңғы қатардағылар құрамына кіруге де ұмтылуда.

Осы орайда, әлемде Қазақстан мемлекетінің ауыл шаруашылығы, халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіші 967 кг құрайтын, дәнді дақылдарды өндіру бойынша екінші орын алады (бірінші орын халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіші 1168 кг құрайтын Канададаға тиесілі). Оған қоса бұрынғы Кеңес Одағына кіретін мемлекеттер арасында бір өзі, нан өндірісінің негізі болып табылатын дәнді дақылдарды экспортқа шығарады. Дегенмен, әлемдік нарықта өзіндік орны бар осындай саланың өнімділігі біздің мемлекетте, айтарлықтай төмен болып отыр. Осы көрсеткіш бойынша мемлекет 142 орынды тұрақтаған. Бүгінде, ауылшаруашық саласы өзінің негізгі құралдарының (бұл Кеңес Одағынан келе жатқан мұра) тозығы биік болуы, жалпы өндіріс заттары мен өндіріс құралдарының және салаға өте қажетті кадрлардың жетіспеушілігі мен қатар басқада көптеген мәселелерге (ауыл шаруашылығы саласының басым бөлігі үй шаруашылығында шоғырланған, бұл аспект өндіріс деңгейінің және өнім сапасының төмендеуін білдіреді) қарамастан даму серпінін айтарлықтай жақсы деңгейде өрбітуде.

Материалдар және зерттеу әдістері.

Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде жүйелік тәсіл қолданысқа алынды. Сонымен қатар жұмысты орындау барысында жалпығылыми әдіс-тәсілдері қолданылған: ғылыми абстракция, жіктеу, салыстыру сияқты. Бұл ғылыми зерттеуді абстрактілі-логикалық әдісі негізінде орындау үшін біршама әдеби көздері, заңнамалық актілер мен нормативтік құқықтық құжаттар зерделеніп зерттелді. Нақтырақ айтқанда ауылшаруашылығы, соның ішінде егістік және малшаруашылығы дамуының көптеген мәселелерімен оның болашақта жоғары даму мүмкіндіктерін қамтитын инновациялық техника, жердің құнарлығын сақтау, шаруашылықтарды суландыру мәселесін шешетін технологиялар, қаржыландыру негіздері егжей тегжей қарастырылған еңбектер зертелді. Отандық ғалымдардың, яғни Калиев Г.А., Сатыбалдин A.A., Григорук В. В., Сигарев М.И., Есполов Т.И., Куватов Р.Ю. және тағы басқа да Қазақстан мемлекетінің аграрлық саясатының қалыптасу негіздеріне; агросектордың даму концепциясы, механизміне; ауылшаруашылығы өнімінің бәсекеқабілеттілігін жоғарылатудағы кластерлік бағыттарды дамыту мәселелеріне қатысты ғылыми еңбектері зерделенген [1,2,3,4,5].

Нәтижелері және оларды талқылау.

Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуына мемлекет деңгейінен үлкен қолдау көрсетіліп отырады, олардың қатарына:

  • ауылдық аудандарда халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;
  • аграрлық аудандардың тұрғындарын электр қуатымен, газбен, ауыз сумен

және басқа да өмірлік қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;

  • ауылдық жерлерде жол құрылысын немесе оларға күрделі жөндеуді

жүргізу;

  • телекоммуникациялық жүйелерді жаңғырту;
  • ауылдық жерлерде денсаулық сақтау бойынша шараларды күшейту

(аурухана құрылысы немесе оны күрделі жөндеу, тиісті мамандарды тарту);

  • мектептерде және басқа оқу орындарында білім беру жүйесін жетілдіру;
  • ауыл тұрғындарын мәдени және спорттық бағдарламаларына қол жеткізу

және т.б.;

Бірақ, ауылшаруашылық саласының тиімді дамуын қолдайтын барлық іс-шараларға қарамастан, оның негізгі әлеуетінің 80%-н өңдеуден өтпеген шикізат тауарлары құрап отыр. Ал шығарылатын дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмен болуына байланысты, қоғам нарығындағы көптеген азық-түлік тауарлары сырт елдерден қамтылады.

Сонымен қатар, шикізатты қайта өңдеумен айналысатын көптеген кәсіпорындардың техникалық деңгейі (төмен) бүгінгі өндіріс сұранысына сай келмейді, сондықтан оның капитал сыйымдылығы жоғары және өзін-өзі ақтау мерзімі ұзақ, осы жағдай оның рентабельділігінің төмен болуына әкелуле. Бұл жерде ауылшаруашылығы өндірісінің маусымдық (ырғақтылық) сипатыда, сала өндірісінің өсу қарқынын тежеуші факторы ретінде көрінеді.

Мемлекет үшін ауыл шаруашылығының тиімді дамуы және оның экономикалық өсуін қамту негізгі және басым міндеттердің бірі болып табылады. Өйткені, аграрлық сектордан алынатын өнімдер - адам тіршілігінің негізгі көзі, сондықтан ұлттық шаруашылықтың осы маңызды стратегиялық секторына қажетті экономикалық көмек, мемлекет деңгейінен әрқашанда жан жақты көрсетілуге тиіс [6].

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2016 жылы 3,6 трлн. теңгені құрады, немесе өткен жылмен салыстырғандағы өсімі 5,5%-ға жеткен. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 2016 жылы 5,5%-ға өсуі, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру (жалпы көлемі 2047,6 трлн.тг) 7,5%-ға өсу есебінен қалыптасып отыр. Мал шаруашылығы өнімдерінің шығарылымы да 2,8 пайызға өсіп, 1621,5 трлн. тенгені құрады (1 сурет).

Айта кететін жағдай, Қазақстан ауыл шаруашылығының салыстырмалы деңгейде бірқатар артықшылықтары, сонымен қатар даму болашағы да бар: оған себеп - соңғы жылдар ішінде экономиканың тұрақты көтерілуі; егістік жерлер мен жайылымдардың үлкен ресурстық мүмкіндіктері; кең егінді жерлер арқасында астық секторындағы жоғары бәсекеге қабілеттік; жайылым ауданы мен мал басының арасындағы ара қатынастың жоғары болуы; мал шаруашылығы секторының болашақ дамуының үлкен (жоғары) әлеуеті және еңбек шығындарының салыстырмалы деңгейде төмен болуы.

Ескерту: автормен [7] көз негізінде жасалған

1 Сурет - Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, млн.тг

Өсімдік шаруашылығында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау мен өткен жылғы қолайлы ауа райы жағдайлары жалпы астық жиналымының 2015 жылмен салыстырғанда 2,0 млн. тоннаға немесе 10%-ға, майлы дақылдардың 23%-ға, көкөніс-бақша дақылдарының 6%-ға, қант қызылшасының 2 есеге, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің 19%-ға артуына ықпал етті. Бұл ретте өндіріс көлемінің өсімін соңғы 10 жылда алғаш рет барлық облыстар қамтамасыз етіп отыр.

Елдегі жалпы өнімнің шамамен 50% бес өңірде: Алматы (16,1%) мен Нур-Султан (7,9%), сондай-ақ Атырау (12,3%), Қарағанды (9,7%) және Маңғыстауға (8,1%) тиесілі. Республикагың жалпы ішкі өнімнің жартысынан төмені 11 өңірлердің арасында бөлінген, олардың үлес салмағы елдегі жалпы өнімнің көлемінен орта есеппен 2%-дан 6%-н құрайды.

Осы 2016 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі республиканың 14 өңірінде орын алып отыр, Маңғыстау облысында осы сала көрсеткіші алғаш рет 3,7% -ға өскенін көріп отырмыз. Саланың елеулі өсуі Батыс Қазақстанда (17,8%), Ақмола (8,9%), Ақтөбе (8,9%), Қарағанды (8,8%) және Жамбыл (8,0% - ға) облыстарында байқалады.

Төменде Қазақстан өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің өнім шығарылымының (көрсетілетін қызметтерінің) құрылымдық (өсімдік және мал шаруашылығы бағыттары) көрсеткіштері берілген (1 кесте ).

1 Кесте - Ауыл шаруашылығы өндірісінің (өнім шығару, қызмет көрсету) құрылымдық көрсеткіштері, 2016ж.

   Аталуы

Ауылшаруашылығы, барлығы

соның ішінде:

Өсімдік шаруашылығы

Мал

шаруашылығы

млн.тг

үлесі, %

млн.тг

үлесі,%

млн.тг

үлесі, %

Қазақстан Республикасы

3 684 393,2

100

2 047 580,8

100

1 621 541,4

100

Ақмола

348 198,5

9,5

239 945,4

11,7

106 481,1

6,6

Ақтөбе

183 965,3

5,0

68 542,0

3,3

114 678,7

7,1

Алматы

597 308,3

16,2

327 699,1

16,0

267 794,0

16,5

Атырау

61 612,9

1,7

24 557,8

1,2

36 027,1

2,2

Батыс Қазақстан

131 015,8

3,6

57 093,8

2,8

72 868,4

4,5

Жамбыл

237 065,9

6,4

129 662,4

6,3

106 218,5

6,6

Қарағанды

229 348,2

6,2

95 517,2

4,7

133 103,3

8,2

Қостанай

319 037,7

8,7

217 597,2

10,6

98 451,4

6,1

Қызылорда

80 633,3

2,2

47 511,4

2,38

32 461,7

2,0

Маңғыстау

12 466,1

0,3

2 112,2

0,1

10 331,7

0,6

Оңтүстік Қазақстан

480 399,3

13,0

275 197,4

13,5

203 547,8

12,6

Павлодар

171 542,2

4,7

83 659,4

4,1

87 736,4

5,4

Солтүстік Қазақстан

411 485,6

11,2

289 839,3

14,3

121 000,3

7,5

Шығыс Қазақстан

415 039,0

11,3

185 069,0

9,0

229 348,9

14,1

Нур-Султан қ

1 032,9

0,02

607,1

0,02

220,1

0,02

Алматы қ

4 242,2

0,1

2 970,1

0,1

1 272,1

0,08

Ескерту: автормен [7] көз негізінде жасалған

Кестедегі көрсеткіштер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көбі Алматы (16,2%), Оңтүстік Қазақстан (13,0%), Шығыс Қазақстан (11,3%), Солтүстік Қазақстан (11,2%), Акмола (9,5%), Қостанай (8,7%) облыстарында өндірілетінін білдіреді. Осы аталған өңірлерден кейін: Жамбыл (6,3%), Қарағанды (4,7%), Ақтобе (5%), Павлодар (4,7%), Батыс Қазақстан (3,6%) Қызылорда (2,2%), Атырау (1,7%) облыстарында орын алған.

Осы орайда, өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізін қалаушы десек артық болмайды. Бұл салада жаздық бидайдың үлесі биік, ол тек еліміздің ішкі нарығында ғана емес, сонымен қатар сыртқы нарықтада үлкен сұраныс тапқан. Сонымен қатар, күріш, қарақұмық, арпа, сұлы, тары және жүгері сияқты дақылдарда жақсы таралуда. Біршама алқаптар қант қызылшасы және майлы дақылдар (күнбағыс, рапс) өндірістеріне бөлінген. Тоқыма өнеркәсібі үшін өсірілетін мақта мен зығыр және бар. Ал Оңтүстік Қазақстанның табиғаты картоп, алма, қауын, жүзім және басқа өсімдіктерді өсіруге өте қолайлы.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Республикада өсімдік шаруашылығының ең жоғары түсімін қамтамасыз еткен облыстар: Алматы (16,0%), Солтүстік Қазақстан (14,3%),, Оңтүстік Қазақстан (13,5%), Акмола (11,7%), Қостанай (10,6%) Шығыс Қазақстан (9,0%), облыстарында өндірілген. Қалған өңірлердің көрсеткіштері: Жамбыл (6,4%), Қарағанды (6,2%), Павлодар (4,1%), Ақтобе (3,3%), Батыс Қазақстан (2,8%) Қызылорда (2,4%), Атырау (1,2%) болып отыр.

Қостанай облысы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өңірлері өздерінің табиғи климаттық жағдайларына сәйкес өсімдік шаруашылығының түрлі бағытында жұмыс жасайды. Солтүстік аймақтарда орналасқан облыстар бидай және өзге де дәнді дақылдарға, ал оңтүстік аймақтар мақта және бақша дақылдарына маманданған.

Төменгі кестеден көріп отырғандай, өсімдік саласы әрқашанда алда Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде (1994 ж. бағамен) өсімдік шаруашылығы үлесіне 80%, ал мал шаруашылығы үлесіне небәрі 20% тиесілі (1990 жылы 39% жэне 61% болған) болды. Ал бүгінде ауылшаруашылығының екі бағыты да шамалас көлемде дамуда, ойткені мал шаруашылығы өнімінің қажеттілігі қазақ елінде өте күрделі орын алады. Төменде, ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымының құрылымдық көрсеткіштері анықталған (2 кесте).

2 кесте - Ауылшаруашылығы өнімдерінің, көрсетілетін қызметтерінің жалпы шығарылымымының құрылымдық көрсеткіштері, 2011-2016 жж.

Аталуы

2011

2012

2013

2014

2015

2016

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы, млрд.тг,

оның ішінде:

2286,0

2393,6

2949,5

3143,7

3307,0

3684,4

1.Өсімдік шаруашылығы млрд. тг

1337,2

1241,5

1683,9

1739,4

1825,2

2047,6

Үлесі,%

58,6

51,9

57,1

55,4

55,2

55,6

2. Мал шаруашылығы млрд. тг

942,4

1145,4

1256,9

1393,8

1469,9

1621,5

Үлесі,%

41,2

47,8

42,6

44,3

44,4

44,0

3.Ауыл шаруашылығы саласындағы қосалқы қызмет, млрд. тг

6,4

6,7

8,8

10,5

11,9

15,3

Үлесі,%

0,2

0,3

0,3

0,3

0,4

0,4

Ескерту: автормен [7]   көз негізінде жасалған

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы өсімдік шаруашылығы орташа алғанда 6-7%-ға мал шаруашылығынан ілгері дамуда, бірақ соңғы үш жылда мал шаруашылығының үлесі 44%-дан төмен емес. Қазақстанның табиғи климаттық жағдайы өсімдік шаруашылығын әртарапты дамытуға қолайлы. 2016 жылы өсімдік шаруашылығының өнімділігі 2047,6 млрд. теңгені құрады. Бұл жалпы ауыл шаруашылығы өнімділігінің 55,6%-на тең. Өсімдік шаруашылығы өз құрамына, бақша, астық дақылдарын, жеміс-жидек шаруашылықтарын біріктіреді. Елімізде өсімдік шаруашылығының ең басым құраушысы – астық, дәлірек айтқанда бидай өндірісі болып табылады.

Қазақстанда мал шаруашылығы жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері шығарлымының 40%-н сәл жоғары көлемін қамтиды. 2016 жылы мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1621,5 млрд. теңгені құрады. Бұл, мысалы 2011 жылмен салыстырғанда 3% немесе 679,1 млрд. тенгеге өсіп отыр. Кестеден көріп отырғанымыздай, мал шаруашылығы жылма жыл бір қалыпта дамып келеді (мал шаруашылығы үшін 2012 жыл ерекше болды, яғни өткен жыл көрсеткішімен салыстырғанда сала өсімі 6,6% құраған).

Мал шаруашылығы өнімінің үлкен үлесі халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі, бұл жағдай төмен өнімділікке (бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне), жоғары өзіндік құнына және импортқа тәуелділіктің қалыптасуына әкеледі, сонымен қатар, ішкі нарықтағы өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Осылайша, барлық ет түрлерін өндірушілердің негізі әлі күнге дейін халықтық шаруашылықтар болып табылады, оларда 2015 жылғы деректер бойынша 76,7% ірі қара мал басы, 67% қой мен ешкі, 72,5% шошқа, 62,7% жылқы және 40,9% құс ұсталуда [7].

Алайда, мал шаруашылығы өнімділігінің көрсеткіштері халықаралық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен. Қазақстанда мал шаруашылығының әлсіз өнімділігінің негізгі себептері асыл тұқымды мал басының төмен үлесі (мысалы, етті бағыттағы малдың үлесі – 2,5%-дан артық емес), сапалы жемшөптердің тапшылығы, күтіп-бағудың сәйкес емес шарттары болып табылады. Мал басының үлкен бөлігі тұрғындар шаруашылықтарында шоғырлануымен байланысты, мал шаруашылығы саласында - малдардың төмен генетикалық әлеуеті және осымен байланысты төмен өнімділік, өнімділікті және өнімдердің сапасын қамтамасыз ететін күтіп-бағудың, азықтандырудың қазіргі заманғы технологияларының жоқ болуы және малдардың саулығына жеткіліксіз қарау секілді сипаттамалар тән. Бұдан басқа малдарды суаруға арналған су көздерінің қолжетімсіз болуына байланысты табиғи жайылымдардың әлеуеті толық пайдаланылмайды [8].

2016 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 4,6%-ды құрады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек өнімділігі 2010 жылдан бастап 2016 жылдар аралығындағы кезеңде жылына 9,3% орташа жылдық өсу қарқынымен бір жұмыс істейтін адамға 304,2 мың теңгеден 498 мың теңгеге дейін өзгерді, ауылды жерлерде шамамен 7,48 млн. адам тұрады.

Кез келген саланың дамуының басты көрсеткіші ол жалпы ішкі өнімдегі алатын үлесі және өндірген өнімдерінің көлемі. 2005-2016 жылдар аралығында жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағы көп өзгеріске ұшыраған жоқ (2 сурет).

Ауыл шаруашылығы саласы Республиканың жалпы ішкі өнімдегі үлесінің динамикасы соңғы он жыл ішінде орта есеппен 5,2% құрады. Айта кететеі жағдай,1990 жылдары жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 34% көлемінде қалыптасып, сол кездегі материалдық өндіріс салалары арасындағы ең жоғарғы көрсеткішті иеленген.

Ескерту: автормен [7] көз негізінде жасалған

2 Сурет –Ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі, %

Сол жылдары ауыл шаруашылығының ең дамыған бағыттарының алды астық өндірісі және мал шаруашылығының ет өнімдері болатын. Ал аталған жылдары жалпы халық санының 49,7% ауыл тұрғындарының үлесінде болса, қазіргі уақытта республика тұрғындарының 43,3% ауылдық жерлерде тұрады. Алайда, бұгінгі жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі жалпы ішкі өнімде азайды. 2016 жылы бұл көрсеткіш 4,6% құрап, алдыңғы жылдармен салыстырғанда біршама өзгерген.

Жалпы әлемдік кескінде қарастыратын болсақ Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығының үлесі қалыпты деңгейде. Әлем бойынша бұл көрсеткіш 5,7% құрайды. Әлемдік елдерді талдау барысында, қандай да бір мемлекеттің даму деңгейі неғурлым жоғары болған сайын, оның жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі төмен болатын тенденция байқалады.

Дегенмен, бұл сектордың әлі де болса бірқатар әлсіз жақтары бар және даму барысы да тұрақтанбаған: яғни, басқа елдермен немесе экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда өнімділігінің төмен болуы, әлеуетті экспорттық нарықтардан айтарлықтай қашықта орналасуымен байланысты нарықтық қиындықтардың орын алуы, тенге курсының жоғары (тұрақсыз) болуы (атап айтқанда, теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша) экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің және импортталатын азық-түлік тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендетуі, ауыл шаруашылығындағы егістік материалдарының, тыңайтқыштар, пестицидтер, ауыл шаруашылығы техникасы сияқты өндіріс құралдарының және ветеринарлық қызметтің жетіспеушілігі, сонымен қатар ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу өндірісінде жабдықтардың ескіргені. Ауыл шаруашылығында өндіріс өнімділігінің төмен болуы әрине елеулі мәселердің бірі, өйткені бұл жағдай ауыл шаруашылығы өндірісінің экстенсивті сипатта дамуына жол беруі мүмкін [8].

Яғни, бұл - мемлекеттің ақпараттық, материалдық және кадрлық қолдауымен ауыл шаруашылығының кез келген саласын дамытатын, ел үшін тиімді болып табылатын аймақтардағы логистикалық нысандарды құру. Алдағы уақытта осы үдерісті жалпы қазақстандық желілік деңгейге жеткізу үшін мамандандырылған логистикалық орталықтар кәсіпорындарға қызмет көрсетуге тиісті болады, мысалы, мал шаруашылығы кешеніне қатысты логистикалық тізбектер бойынша: шикізатты, жем-шөпті тасымалдаудан бастап, дайын өнімді нарыққа жеткізуге дейін. Ал өсімдік шаруашылығында: техника-технология, отын-энергетикалық ресурстарымен қамту және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау өндірісінен бастап өнімді нарыққа жеткізуге дейін және т.б.

Қорытынды. Сонымен, бүгінгі шешілуге тиісті мәселер қатарында - ауыл инфрақұрымын мемлекет деңгейінен жетілдіру, өйткені ауылдардың жеткіліксіз дамуымен байланысты (аграрлық секторда еңбек ететін халықтың негізінен, тиісті білімі және біліктілігі жоқ) халықтың қалаға көшу ұдерісі орын алған; ауылшаруашылығындағы материалдық-техникалық базаның ескіруімен байланысты оларды жаңалау; ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті ғылымның жеткілікті деңгейін мүмкіндігінше қамту, соның негізінде логистикалық кешендерді құру және ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі импорттың өсуін реттеу деп есептейміз.

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Калиев Г.А. Актуальные проблемы развития АПК Казахстана. – Алматы:

КазНИИ экономики АПК и развития сельских территорий, 2013. –23 с.

  1. СатыбалдинA. Научные и практические аспекты формирования аграрной политики в Казахстане/А.А.Сатыбалдин, З.К.Турисбеков// Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана.-2000.-№9.-С.13-18.
  2. Григорук В. В. Казахстан на продовольственном рынке ЕврАзЭС // Евразийская экономическая интеграция. - 2011. –-№ 3 (12).С.84-101
  3. Сигарев М.И. Развитие экономики аграрного сектора Казахстана: концепции, механизмы, перспективы/М.И.Сигарев, Б.Ш.Сыздыков. –Алматы, -404с.
  4. Есполов Т.И., Куватов Р.Ю., Керимова У.К. Повышение эффективности сельского хозяйства Казахстана в условиях интеграции с внешними рынками: Учебник. - Алматы: Научно-исследовательский и консалтинговый институт агробизнеса КазНАУ, 2014. - С.265.

6.     Бекбенбетова Б. Новые подходы к развитию аграрного сектора экономики

Казахстана. «Перспективы развития научно-инновационной деятельности»: II Междунар. научно-практическая конференция.- Бишкек: Национальная Академия Наук Кыргызской республики, 2010.- С.85-87.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика

комитетінің ресми сайты. www.stat.gov.kz/

8.     Гиззатова А.И. Проблемы устойчивого развития сельского хозяйства

Казахстана // Проблемы агрорынка. - 2008. - № 2. - С. 21-24.

Бекбенбетова Базаркуль. – э.ғ.к., Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ доценті. Нур-Султан қ, Аблай хан пр., үй 6/7, п.18. Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. тел.87773286431

Бекбенбетова Б.Б. –к.э.н., доцент Евразийского национального университета им. Л.Н.Гумилева. г.Нур-Султан, пр. Аблай хана, дом 6/7, кв.18. e-mail Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.                 тел.87773286431    

Bekbenbetova Bazarkul - of kandidate (Ph.D associate professor of Economics) in of Ekonomic sciences. 010008, c.Astana, st. Abylai hana 6/7, apr.18. Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Рахметулина Жибек Берлибековна. – э.ғ.к., Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ проф. Нур-Султан қ.,Тумарханым к., үй 37 Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. тел.87013267291

Рахметулина Ж.Б. – к.э.н., доцент, Евразийского национального университета им. Л.Н.Гумилева.   г.Нур-Султан, ул.Тумарханым, дом 37. e-mail Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.                     тел.87013267291.

Zhibek Rakhmetulina - PhD (Economics), Associate Professor, L.N. Gumilyov Eurasian National University, c.Astana, 2 Satpaev Str.,  //e.mail.ru/compose/?mailto=mailto%Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.">Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

Партнеры G Global