Международный секретариат G-Global г.Нур-Султан, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

 «Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді» - деген екен Қаныш Сәтпаев.

Адам өзін үнемі жетілдіріп, тәжірибе алмасып, өз  білгенімен өзгемен бөлісіп, өзгеден де үйренері көп екені айқын.

          «Кәсіпқор» Холдингінің ұйымдастыруымен Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін қалыптастыру, біліктілігі мен дағдыларын арттыру мақсатында:

«CLIL (КЛИЛ) әдісі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пән мен тілді кіріктіре оқыту» атты курс өткізіліп, оған Алматы қаласының ТжКБ беретін оқу орындарының арнайы пән оқытушылары мен шеберлері қатысып, өз біліктілігін арттырды. Семинар барысында CLIL әдісін қолдана отырып, кәсіби ағылшын тілінің деңгейін көтеріп, ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқыту үдерісінде «Scaffolding» стратегиясын қолданудың дағдыларын меңгерді.

         Бағдарламаның барлық модульдері бірыңғай логикамен, негізгі идеялармен біріктірілген, бірыңғай қағидаттар мен тәсілдер негізінде  алты бөлімге құрылды. 

Бағдарламаның мазмұнына сәйкес тыңдаушылар пәндік-интеграцияланған тәсілде оқытылды: бағдарлама бойынша оқыту процесі тыңдаушыларға СLIL оқыту әдістемесі бойынша практикалық білімдер мен дағдыларды алуға ғана емес, сондай-ақ кәсіби ағылшын тілін білу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

CLIL дегеніміз не?

CLIL – ол шетел тілін оқыту үшін пайдаланылатын оқыту нысанасы және сондай-ақ педагогикалық тәсіл болып табылады. CLILтерминін 1994 жылы алғаш рет Дэвид Марш енгізді.

Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

 Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оны жүзеге асыру – ұстаздардың міндеті. Сондықтан да заманауи ұстаздарға тоқтаусыз ізденіс қажет.  Бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарының процесінде тиімділікті арттыру үшін әртүрлі білім беру технологиялары, формалар, оқыту және бақылау әдістері қолданылады, күндізгі (теориялық және практикалық) сабақтар немесе қашықтықтан оқытылатын (онлайн) сабақтар жүргізу және тыңдаушылардың өз бетімен жұмыс жасауы көзделеді, оқытудың интерактивті әдістері қолданылады: активиті, пікірсайыстар, рөлдік ойындар, жобалар әдісі, проблемалық әдіс, ситуациялық тапсырмалар, кері байланыс, және рефлексия.

Курстық оқыту бағдарлама бойынша нәтижелері құзыреттілік, тұлғалық және критерийлік бағалау әдістемесі негізінде жүргізілді.

Тыңдаушылардың кәсіптік құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау бағдарламаның мазмұнын меңгеру параметрлерін есепке алумен бағалаудың белгілі шкаласы бойынша жүзеге асырылды.

      CLIL мән-мәтініндегі мақсатты оқу болып табылатын екінші тілді (ағылшын тілін) тиімді оқып үйрену, сондай-ақ пән бойынша жаңа білімдерді алу болып табылады.

Критерий

Градация критерия

«5»

«4»

«3

«2»

Сұлба тұрғызып диаграмма құру және стендте сұлбаны жинау

Сұлбаны жақсы  тұрғызып диаграмманы жақсылап түсіндіріп стендте сұлбаны еркін жинады

Сұлбаны жақсы  тұрғызып диаграмманы түсіндіре алмады және

стендте сұлбаны жинай алмады

Сұлбаны анық емес тұрғызды, диаграммада түсініксіз боп қалды және  стендте сұлбаны жинай алмады

Сұлбаны да, диаграмманы да құра, сұлбаны  жинайда алмады

Формулаларды тауып есеп шығару

Формулаларды жеңіл тауып есепті дұрыс әрі тез шығарды

Формулаларды оңай тауып есепті дұрыс емес шығарды

Формулаларды табуда қиналып есепті де  дұрыс емес шығарды

Жұмыс жасай алмады

Мазмұны

Конспект толық, мазмұнды қамтылып, тақырып мақсаты нақты көрсетілген

Конспект толық, мазмұнды қамтылып, тақырып мақсаты нақты ашылмаған

Конспект толық, бірақ мазмұны араласып, тақырып мақсаты қамтылмаған

Конспект толтырылмаған

Вокабуляр

Тақырыпқа сәйкес активити, сөздік және терминдер

Тақырыпқа сәйкес активити, сөздік және терминдердің  кейбіреу қате

активити, сөздік және терминдердің  көбі қате

Дұрыс вокабуляр болмады

жалпы балл

25 балл

20 балл

15 балл

Екінші тілді пайдаланумен байланысты мәселелер кешенді болып табылады. Ағылшын тілін барынша көп пайдалану тілдік құзыреттерге деген сенімділікті дамытады.

         CLIL әдістемесі бойынша бағалау – бұл тек студентке баға қою ғана емес, сондай – ақ студенттердің әрі қарай дамытуын қажет ететін білімдері мен қабілеттеріндегі салаларды анықтау.

CLIL әдістемесінің анықтаушы сипаттамасы екі тілді пайдалану болып табылады.

         Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс екенін атап өткен болатын. Жаһандық экономикаға кіруде, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор.

Партнеры G Global