Международный секретариат G-Global г.Нур-Султан, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

Қалдыбаева Н.Н-110-17 тобының студенті

Ғылыми жетекші:Барысова Н.Т.-аға оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,Шымкент

Резюме

В этой статье рассматривается применение английского языка на уроке физики.

Summary

In this article application of English is examined on the lesson of physics.

  

        Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең- кезеңмен іске асыруды ұсынды.Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.

        Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр.

         Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастады. Колледждер мен жоғары оқу орындарында ағылшынша білімі бар мамандықтар даярлануда.Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі.“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену.

        Кәзіргі таңда жаңартылған оқу мазмұнына сай жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту – өзекті мәселенің бірі болып саналуда. Яғни бұл бағдарламада “Content and Language Integrated Learning” (CLIL) әдістемесі ерекше көңіл бөлуде. CLIL тіл мен пәнді кіріктіру әдісі. Оқытудың бұл түрі екінші немесе үшінші тіл арқылы белгілі бір ғылымды үйрену, пән арқылы тілді меңгеру, яғни бұл әдіс арқылы пәндік және тілдік мақсаттарға қол жеткізу. Кіріктірілген білім беру 4 негізгі тәсілі құрайды, олардың ішінде: 

 Content (мазмұны) - біліктілік дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту.

 Communication (қарым-қатынас) - шет тілін оқыту кезінде тілді дамыту. 

 Cognition (таным) - танымдық және ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы түсінік.

 Culture (мәдениет) - өзге ұлттың мәдениетін білу, пәнаралық байланыс орнату.

        CLIL әдісінің негізгі мақсаты – оқытушының сөйлеуін азайтып, керісінше  студенттердің  бір бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

       CLIL әдісінің артықшылықтары, біріншіден, тілдік құзыреттілікті және сенімділікті арттыру, екіншіден оқытушы мен оқушы арасындағы мотивацияны көтеру, үшіншіден өз пікірін еркін жеткізу, ойлау қабілетін дамыту және мәдениет пән мәдениетаралық білімді дамыту.

Ал кемшілігі, шет тілін меңгеру кезіндегі қиындықтар және де жаңа терминдер қолдану, шет елдердің тәсілін пайдалану, шет тілі мен пән арасындағы қиындықтар.Кіріктірілген білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолы ағылшын тілін оқып, үйрену. Ағылшын тілін үйрену – көптеген ізденістерді, талпыныстарды, уақытты, жаңа технологияны керек етеді.

         Сонымен қатар, қазіргі таңда мектептерде білім беру технологиясы ретінде кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту қолға алынып отыр. Соның бірі қазіргі таңда физика пәнін ағылшын тілінде өткізу болып табылады.Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды.
        Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді.Физика сабағында ғылыми терминдер мен шамаларды ағылшын тілінде қолдану өте қолайлы, әрі сабақ қызықты өтеді, үш тілде білімдерін кеңейтеді. Тақырып бойынша оқушыларда негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады, физикалық шамаларды тек қазақ тілінде емес ,сонымен қатар ағылшын тілінде де меңгереді.

       Сабақта қолданған  әдіс-тәсілдердің артықшылығы: оқушы білімді өзі жинақтайды; олар бірін-бірі оқытады; топта жұмыс жасайды; өз бетімен жұмыс жасайды; өзара ой бөліседі; бірін-бірі тексереді.     

          Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Физика пәніндегі 7-9-сыныптағы тараулар бойынша, терминдер мен анықтамаларды ағылшын тіліндегі түсіндірмесі оқыту тілінде беріледі.

Мысалы:

Жылулық қозғалыс - thermal motion

диффузия – Diffusion

Жылуөткізгіштік - thermal conductivity

сәуле шығару - radiation

Жылу мөлшері - Quantity of heat

Отынның энергиясы - Fuel energy

сызықтық жылдамдық - linear velocity

бұрыштық жылдамдық - angular velocity

Центрге тартқыш үдеу - centripetal acceleration

Ньютонның бірінші заңы - Newton's first law

Ньютонның екінші заңы - Newton's second law  

Ньютонның үшінші заңы - Newton's third law

Тербелістер мен толқындар - Vibration and waves

көлденең толқын - Compressional wave

қума толқындар - transversal waves

еркін тербелістер - Free vibrations

еріксіз тербелістер - Forced vibrations

Атом құрылысы - atom structure

Атом ядросының құрылысы - Atom nucleus structure

Жылулық сәуле шығару - Thermal radiation

1 α, β және γ – сәулеленудің қасиеті - Properties α, β and γ – emission

 Радиоактивті ыдырау - Radioactive decay

Радиоактивті ыдырау заңы - Law of the radioactive decay

       Тақырып бойынша сабақ жоспарын жасап, сабақты ағылшын тілінде өтеді, терминологиялық сөздіктерді түзеді, үш тілде глоссарий жасайды.

CLIL әдісін қолдану оқушыға сабақ барысында тілдік дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берсе, мұғалімге оқушыларды үштілділік бойынша қолдауға мүмкіндік береді. Осы әдісті тәжірибеде қолдану оның оң тұстарын айқындауға мүмкіндік берді. CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге оқушының талпынысы болып табылады. Бұдан басқа оқушы екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығы сөзсіз.

       Тілдік дағдыны қалыптастырумен қатар CLIL әдісі мұғалімнен сабақтың өтілуіне байланысты жаңа тәсілді талап етеді. Елімізде білім беру мазмұны жаңарып, «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы, “Content and Language Integrated Learning” (CLIL): қадамнан қадамға» әдістемелік нұсқаулық оқытудың жаңашыл көзқарас пайда болуын қалыптастырады.

           Қорыта келгенде, кіріктірілген сабақты өткізуде, барлық сабақты өткізу сияқты, оқыту әдістемесі маңызды орын алады. Бүгінгі күні CLIL пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту білім беру әдістемесінің ең жемістісі болып саналады. Бұл әдіс екі пәнді, оның бірі шет тілін, кіріктіре оқытуға мүмкіндік береді. Ерекше, осы пәнге тән терминдерді, белгілі бір тілдік құрылымдарды, оқып-біледі, пәндік терминология арқылы оқушының сөздік қоры да байып, дамиды.  Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.Ал оқушы жаңашылдыққа бейім болып, әрдайым ізденісте болуы тиіс.Сол себепті оқушыларға бәсекелістікке қабілетті болуы үшін, заман талабына сай білім берілу керек.

                                                           Әдебиеттер тізімі:

  1. Е.В. Хомутова. Интенсивный курс английского языка для физиков. Издательство Московского университета 1983
  2. Л.Т. Нұрақаева, З.К. Шегенова. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін қолдану: Нур-Султан, 2013ж
  3. Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
  4. 4. Е.И.Курашвили. Английский язык для студентов – физиков. Москва Астрель. АСТ 2005.

5.Методы и приемы CLIL. Алметов Н.Ш., 2016

Партнеры G Global