Международный секретариат G-Global г.Нур-Султан, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

Барысова Н.Т.-аға оқытушы

Мауленкулова Д.Е.- магистр-оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,Шымкент

                                                         Резюме

В этой статье рассматривается применение английского языка на уроках физики.

Summary

Using English at the lessons of Physics is conducted in this article.

Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастады. Жоғары оқу орындарында ағылшынша білімі бар мамандықтар даярлануда. Шетел тілі кафедрасының оқытушылары сол мамандықтарда English language B1B2, Oral and written English speech, Professional-oriented English language пәндерін CLIL әдісін қолданып өтуде.

Кәзіргі таңда жаңартылған оқу мазмұнына сай жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту – өзекті мәселенің бірі болып саналуда. Яғни бұл бағдарламада “Content and Language Integrated Learning” (CLIL) әдістемесі ерекше көңіл бөлуде. CLIL тіл мен пәнді кіріктіру әдісі. Оқытудың бұл түрі екінші немесе үшінші тіл арқылы белгілі бір ғылымды үйрену, пән арқылы тілді меңгеру, яғни бұл әдіс арқылы пәндік және тілдік мақсаттарға қол жеткізу. Кіріктірілген білім беру 4 негізгі тәсілі құрайды, олардың ішінде:

Content (мазмұны) - біліктілік дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту.

Communication (қарым-қатынас) - шет тілін оқыту кезінде тілді дамыту.

Cognition (таным) - танымдық және ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы түсінік.

Culture (мәдениет) - өзге ұлттың мәдениетін білу, пәнаралық байланыс орнату.

CLIL әдісінің негізгі мақсаты – оқытушының сөйлеуін азайтып, керісінше  студенттердің  бір бірімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

CLIL әдісінің артықшылықтары, біріншіден, тілдік құзыреттілікті және сенімділікті арттыру, екіншіден оқытушы мен білімгердің арасындағы мотивацияны көтеру, үшіншіден өз пікірін еркін жеткізу, ойлау қабілетін дамыту және мәдениет пән мәдениетаралық білімді дамыту.

Ал кемшілігі, шет тілін меңгеру кезіндегі қиындықтар және де жаңа терминдер қолдану, шет елдердің тәсілін пайдалану, шет тілі мен пән арасындағы қиындықтар.Кіріктірілген білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолы ағылшын тілін оқып, үйрену. Ағылшын тілін үйрену – көптеген ізденістерді, талпыныстарды, уақытты, жаңа технологияны керек етеді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда мектептерде білім беру технологиясы ретінде кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту қолға алынып отыр. Соның бірі қазіргі таңда физика пәнін ағылшын тілінде өткізу болып табылады.Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту білімгерлердің сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер білімгерді өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды.
        Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді.Физика сабағында ғылыми терминдер мен шамаларды ағылшын тілінде қолдану өте қолайлы, әрі сабақ қызықты өтеді, үш тілде білімдерін кеңейтеді. Тақырып бойынша оқушыларда негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады, физикалық шамаларды тек қазақ тілінде емес ,сонымен қатар ағылшын тілінде де меңгереді.

Сабақта қолданған  әдіс-тәсілдердің артықшылығы: білімгер білімді өзі жинақтайды; олар бірін-бірі оқытады; топта жұмыс жасайды; өз бетімен жұмыс жасайды; өзара ой бөліседі; бірін-бірі тексереді.

Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі білімгердің санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Тақырып бойынша сабақ жоспарын жасап, сабақты ағылшын тілінде өтеді, терминологиялық сөздіктерді түзеді, үш тілде глоссарий жасайды.

CLIL әдісін қолдану оқушыға сабақ барысында тілдік дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берсе, оқытушыға білімгірлерге үштілділік бойынша қолдауға мүмкіндік береді. Осы әдісті тәжірибеде қолдану оның оң тұстарын айқындауға мүмкіндік берді. CLIL әдісінің ең негізгі оң тұстарының бірі екінші тілді меңгеруге білімгердің талпынысы болып табылады. Бұдан басқа білімгер екінші тілде оқи отырып, оның мәдениетін тереңірек білуіне мүмкіндік алады. Пәнді оқи отырып, оқылып жатқан тақырыптарға сай терминдерді қайталау барысында, оларды өз ой пайымдауларында қолдана отырып, оқушының белгілі пән бойынша сөздік қорының молаятындығы сөзсіз.

Кейбір физика пәніне тән сөздер мен терминдердің айтылуымен мағынасы ұқсас болып келеді. Мысалы ретінде қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде тән физикалық термин-сөздерді айта аламыз:

 Газ сөзі француз сөзі болғанымен ұқсас мағынада үш тілде қолданылады.Ағылшын тілінде «Gas» сөзі материяның ¼ негізгі бөлігі,яғни агрегаттық күй. Орыс тілінде дыбысталуы мен мағынасы бір.

Концентрация сөзі де үш тілдеде мағыналас болып табылады. Физика пәнінде бұл сөздің мағынасы шоғырлану.Ағылшын тілінде «Concentration» сөзі шоғырлану дәрежесін білдіреді. Орыс тілінде дыбысталуы мен мағынасы бір.

Молекула сөзі латын тілінен енген масса деген мағынаны береді. Материяның ең кіші бөлігін молекула деп атайды. Ағылшын тілінде «Molecule» сөзі дәл сол мағынаны береді.Орыс тілінде дыбысталуы мен мағынасы бір.

Планета сөзі көне латын тілінен енген Кезбе жұлдыздар деген мағынаны береді.Қазақ тілінде тағы бір атауы бар Ғаламшар деген. Ағылшын тілінде «Planet» деп аталады.

Халықаралық бірліктер мен шамалардыңда ағылшын тілі мен қазақ,орыс тілінде аталуы бір болып келеді.Бұл шамалар Халықаралық жүйеде қабылданған.     Мысалы: scalar,vector, micro (µ), milli (m), centi (c), deci (d), nano (n),  piko (p), femto (f), atto (a).

           Бұл бірлік атауларымен қатар физика пәнінде Халықаралық жүйеде қабылданған универсал шамалар қабылданған. Ерекшелігі,қолдану   барысында кез-келген тілде бірдей дыбысталып,бір мағына береді.

Оларға:

метр (м)-meter (m) –ұзындық өлшем бірлігі-length

килограмм (кг)-kilogram (kg)-масса өлшем бірлігі-weight

секунд (с)-seconds (s)-уақыт өлшем бірлігі-time

Кельвин (К)-Kelvin (K)-Термодинамикалық температура өлшем бірлігі-

thermodynamic temperature

моль -mole –зат мөлшер-molecular weight

Сонымен қатар,қолдануы Физика пәнінде белгілі-бір бөлімді немесе бөлшекті білдіретін термин сөздер бар.Әр елдің қолану әліпбиіне қарай бұл терминдердің тек жазылуы өзгеруі мүмкін.Оларға мына терминдерді жатқыза аламыз: Physics, Mechanics, Thermodynamics, Energy, Dynamics, т.б.терминдер.

Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор.Сол  себепті де әр бір маман өз мамандығына байланысты ұғымдар мен термин сөздерді білу маңызды болып саналады.

Қорытындылай келе, ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Өз білімімізді кеңейту шарасында біздің елімізде білім беру орталықтарында ағылшын тілін кіріктіріп оқыту қолға алынып отыр. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі, қазіргі  XXI ғасырда тереңдетілген, маңызды рөл болып саналуда.Сол себепті әрбір болашақ маман өз білімін жетілдіру барысында тіл құзыреттілігіне ие болуы маңызды.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Е.В. Хомутова. Интенсивный курс английского языка для физиков. Издательство Московского университета 1983
  2. Л.Т. Нұрақаева, З.К. Шегенова. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін қолдану: Нур-Султан, 2013ж
  3. Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
  4. 4. Е.И.Курашвили. Английский язык для студентов – физиков. Москва Астрель. АСТ 2005.

5 .Методы и приемы CLIL. Алметов Н.Ш., 2016

Партнеры G Global