Международный секретариат G-Global г.Нур-Султан, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

Тұрар А.Д., Сембиева Н.О.- 126-27 тобының студенттері

Ғылыми жетекші: Барысова Н.Т.-аға оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент

Резюме

В этой статье рассматриваются педагогические технологии интегрированного обучения студентов английскому языку и физике.

Summary

The pedagogical technologies of integrated teaching English and Physics are conducted in this article.

Кәзіргі таңда айтарлықтай табысты қолданылып жүрген СLIL технологиясына назар аударылуда.

CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді – бұл дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді.

CLIL негізін төрт C құрайды:

− CONTENT (Мазмұн) – бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер,

біліктер мен дағдылар;

− COMMUNICATION (Қатынас) – бұл оқытуда шет тілін пайдалану

біліктері;

− СOGNITION (Таным) – бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты

және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту;

− CULTURE (Мәдениет) – бұл өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұғыну,

сонымен қатар балама мәдениеттерді қабылдау.

CLIL – бұл түрлі білімділік мәнмәтінінде қолданылатын көзқарастардың

тұтас бір қатарын біріктіретін өзінше бір термин. CLIL енгізудің түрлі

амалдарын сипаттайтын терминдердің тұтас бір қатары бар, мысалы: толық

тілдік ену, ішінара тілдік ену, «тілдік нөсер» және т.б.

CLIL-дің негізгі қағидаларын анықтауда түрлі еуропалық елдерде мәдени

және тілдік ортасын қамтитын, пәндік және білімділік міндеттерді шешуге

бағытталған оның 4 негізгі қыры бөліп көрсетіледі. Осы 4 қырының әрбіреуі

білім алушылардың жасына, әлеуметтік-лингвистикалық ортасы мен CLIL ену дәрежесіне қарай түрліше жүзеге асырылады.

CLIL сабақтарында тілдік біліктер мен пәндік білімдерді дамытудың

маңызы бірдей болғандықтан, ондай сабақ көбіне төрт сатылы сызбаға

негізделеді:

  1. Мәтінді өңдеу. Мінсіз мәтінді оқу барысында оның визуалдылығын

қамтамасыз ететін безендірулер болуы керек. Шет ел тіліндегі мәтінмен жұмыс жасауда, оқушыларға мәтінмен жұмысты айтарлықтай жеңілдететін, мәтінді құрылымдық белгілеу (қатарларды, азат жолдарын нөмірлеу, бөлімдерге, шағын тарауларға аталым беру) қажет.

  1. Жете түсіну және алған білімдерді ұйымдастыру. Мәтіндер көбіне сызба

түрінде беріледі, бұл оқушыларға мәтіннің идеясын, онда берілген ақпаратты

анықтауға көмектеседі.

  1. Мәтіннің тілдік ұғынуы. Оқушылардың мәтіннің идеясын өзінің сөзімен

жеткізе алатынына үміт етіледі. Оқушылар қарапайым тілдік тәсілдерді де,

сонымен қатар айтарлықтай алға басқан түрлерін де қолдана алады, бұл

жағдайда қандай да лексиканы таңдауда анық үдеме болмауы тиіс, дегенмен де, мұғалімнің оқушылардың назарын тақырыбы мен пәні бойыша сай келетінбелгілі лексикалық бірліктерге аударуы қажет. Оған қоса, мұғалім назарын тек арнайы лексикаға ғана емес, сонымен бірге сабақтың тақырыбы мен пәнге байланыссыз қажет болатын фразалық етістіктер, тұрақты сөз тіркестері, салыстыру дәрежелері секілді әмбебап тілдік бірліктерге де аударуы тиіс.

Тапсырмалар оқушылардың дайындық деңгейіне, оқыту міндеттеріне,

сонымен қатар оқушылар талғамына байланысты болуы керек. Тыңдалымға

арналған тапсырмалардың тізімі жобасы:

− тыңдап алыңыз да, диаграмма, кесте, карта және т.б. жасаңыз;

− тыңдап алыңыз да, кестені толтырыңыз;

− тыңдап алыңыз да, нақты ақпаратты табыңыз (күні, орны, уақыты);

− тыңдап алыңыз да, азат жолдарын дұрыс тәртібімен орналастырыңыз;

− тыңдап алыңыз да, кімнің сөз алғанын, оқиғаның өткен орнын және т.б.

анықтаңыз;

− тыңдап алыңыз да, әрекеттердің орындалу кезегін анықтаңыз (мысалы,

нұқсаулық);

− тыңдап алыңыз да, мәтінде қалып қойған жерлерін толықтырыңыз;

− мәселені белгілеу: сұрақ-жауап, анықтама-термин, бөлік-тұтас;

− қалып қойған жерлерін толтыруға жататын тапсырмалар (көбіне

сұрақтары бар парақшалар таратылады);

− нақты ақпаратты іздестіруге бағытталған тапсырмалар;

− сөзді табуды көздейтін ойындар;

− мәтін бойынша 10 сұрақ қойыңыз, бұл арада әр түрлі сұрақтар көрнекі

схема түрінде болады;

− визуалды қатармен бекітілген жұмыстың ауызша тұсаукесері.

  1. Мәтіннің пәндік бағдарлануы, яғни ағылшын тіліндегі мәтіндер ҒЖЦ

пәндерінің лексикалық материалдарынан құрылуы тиіс, тек сонда ғана пәндік

және тілдік құзыреттіліктің дамуы пайда болады.

Нақты әдістемені қолданудың негізінде келесі ой жатыр: тілді және пәнді біріктіріп оқыту, ең алдымен, толық және ішінара үңілу шарттарымен мақсатты тілдерде тілдік құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған.

Бұл ішінара физика сабақтары оқыту тілінде (қазақ немесе орыс), бірақ сабақ барысына ағылшын тіліндегі терминдердің өте мұқият ойластырылған «енгізілулермен» өтетінін білдіреді. Бұл жағдайда енгізілетін терминдердің мәнін түсіндіру оқыту тілінде өтеді. Нақты терминдердің ағылшын тіліндегі түсіндірмесі оқыту тілінде беріледі.

Мысалы:

физикалық құбылыстар- physical phenomenon

табиғатты зерттеудің әдістерін- methods for environmental studies

фактілер -facts

ұғымдар- concepts

заңдар- law

теориялық қорытындылар- theoretical conclusions

физикалық шамалар - physical phenomenon

скаляр шамалар -scalar value

векторлық шамалар -vector value

микро (μ)- micro (μ)

милли (m)- milli (m)

санти (c)- centi (c)

деци (d) -deci (d)

иіннің тепе-теңдік шарттары -Equilibrium condition of lever

пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК)- Coefficient of efficiency (CE)

көлбеу жазықтықтың ПӘК -CE of inclined pane

молекулалық жылдамдық қозғалысы- Molecular speed

заттардың молекулалық құрылысы- Molecular structure of solids

Қатты дененің қысымы- Solid state pressure

Сұйықтың қысымы- Fluid pressure

Газдың қысымы- Gas pressure

Паскаля заңы -Pascal’s law, т.б.

          «Шетел тілі» және «Кәсіби бағытталған шетел тілі» сабақтарында математика және физика пәндерінің тақырыптары бойынша терминологиялық сөздік, глоссарий құрастыру, арнайы мәтіндермен жұмыс жасау қолға алынған.

Нақты әдістемені қолданудың негізінде келесі ой жатыр: тілді және пәнді біріктіріп оқыту, ең алдымен, толық және ішінара үңілу шарттарымен мақсатты тілдерде тілдік құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған.

Әдебиеттер тізімі:

  1. 1. Е.И.Курашвили. Английский язык для студентов – физиков. Москва Астрель. АСТ 2005.
  2. 2. Е.В. Хомутова. Интенсивный курс английского языка для физиков. Издательство Московского университета 1983
  3. 3. В.П.Дорожкина. Английский язык для студентов – физиков М.Астрель. АСТ 2006.

Партнеры G Global