Международный секретариат G-Global г.Нур-Султан, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

Барысова Н.Т.,аға оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

Кузембаева Г.А., бастауыш сынып мұғалімі

№ 94 жалпы орта мектебі, Шымкент, Қазақстан

Резюме

В этой статье рассматриваются различные методы полиязычного обучения в начальной школе.

                                                                       Summary

The different methods of multilingual education in primary school are discussed in this article.

 

Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгертуді жолға қою – бүгінгі таңда орта білім жүйесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі бағыттарының бірі.

Ағылшын тілі бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негізі ана тілін меңгеру және тұлғаның әлеуметтену үдерістерін қайталау болып табылады. Балалар өз ана тілінде жазуды меңгергенге дейін, бір жастан бастап қоршаған ортамен қарым-қатынас барысында табиғи қажеттіліктерін білдіретін қарапайым түрде өз ойларын жеткізе бастайды. Мектеп алды жасындағы балалар нақты түсініктерге сүйенеді, өйткені олар абстрактілі ойлау элементтерін ғана меңгере бастайды. Осы факторлар бірінші сыныпта ағылшын тілінде жаздырмауға, сондай-ақ ағылшын алфавитімен таныстырмауға негіз болады.

Өз ойларын білдіру қажеттіліктерін тудыратын қоршаған орта жағдайы ағылшын / орыс/ тілін меңгертудің алғашқы сатысы болуы тиіс. Қазақстанда мұндай табиғи қалыптасқан жағдай жоқ. Сондықтан ағылшын /орыс/ тілін меңгеру үдерісін қарым-қатынастың шынайы жағдайына жақындастыру мақсатында қоршаған болмысты әдіснамалық тұрғыдан ықшамдау жүргізу қажет. Экстралингвистикалық материал белгілі бір сатылы ұйымдастырылған жүйені білдіреді, ол мынадай тізбе арқылы көрініс табады: тақырыптық өріс – шағын тақырыптар және оларға сәйкес тақырыптық сөздер тобы – сөйлеу интенциялары және оларға қызмет атқаратын грамматикалық құрылымдар – тілдік жағдаяттар – диалогтік бірліктер – диалог құрылымдық-мазмұндық сызба-нұсқалары.

Осы орайда оқытудың келесі дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет: тәрбиелеп оқыту, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және бірізділік, меңгеруді бекіту, қолжетімділік, дараландыру принциптері.

Бастауыш мектепте ағылшын /орыс/ тілін оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін жалпы дидактикалық ұстанымдармен қатар жеке әдістемелік немесе лингводидактикалық принциптерді басшылыққа алған жөн, олар декларативті түрде қалмауы тиіс, оқу материалын ықшамдау барысы секілді оқу үдерісін жоспарлауда да жүзеге асырылуы қажет.

1-ші сыныпта ағылшын тілінде жазғызуға болмайтындығына байланысты пәннің алдын ала өткізілетін ауызша мазмұны болады. Мұнда оқытудың басты принципі – коммуникативтілік болып табылады. Бұл оқу үдерісін бастауыш мектеп оқушыларының тұрмыстық және оқу жағдайындағы қарым-қатынас барысында тыңдалым, айтылым (оқу мен жазу 2-сыныптан бастап енгізіледі) секілді тілдік қызметтерін нақты қарым-қатынас жағдайына барынша жақындатуды қамтамасыз етеді.

Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық принципке баса назар аудару қажет. Тілдік жүйе абстрактілі түрде емес, нақты тақырыптарға, жағдаяттарға қызмет ететін ағылшын тілінің түрлі деңгейіндегі, яғни лексикалық және синтаксистік (фонетикалық, сөзжасамдық, морфологиялық) құралдарының микрожүйесі ретінде көрініс табады.

Тіл үш аспектіде қызмет етеді:

а) тілдік-құрылымдық, мұнда төменгі деңгей бірліктері жоғары деңгей бірліктерін құрайды (дыбыстар – буындар, морфемалар – сөздер, сөздер – сөз тіркестері мен сөйлемдер, сөз тіркестері мен сөздердің тіркесуі – сөйлем, сөйлем – күрделі синтаксистік тұтастық, күрделі синтаксистік тұтастық және жекелеген сөйлемдер – мәтін);          б) сөйлеу тілінің құрылымы, мұнда қандай да бір ойды білдіру үшін сөздер мен сөз тіркестері, предикативтік қолданылады;

в) тілдік емес, мұнда тілдік жүйе тілдік құрылым емес, яғни ол материалдық-заттық әлем, қоғам, санаға қатысты қызмет етеді.

Бастауыш мектеп оқушылары үшін тілдік минимумды анықтауда тілдік емес қызметтерді ескеру 1-сыныптың оқу үдерісін ұйымдастыруда сыртқы әлемнің «бейнесін» пайдалану тәрізді нәтижелі болып табылады.

Тілдің көптүрлі қызметінде таным, ұлттық-мәдени және аккумулятивті қызметтер басым болып табылады, олар өз бірлігінде когнитивті қызмет атқарады.

Орта білім және одан кейінгі кәсіптік білім деңгейлерінде көптілділіктің қалыптасуы бастауыш сыныптарда ағылшын тілін және орыс тілін оқытуды дұрыс ұйымдастыру әдістемесіне байланысты болады.

 Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі-жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір оқыту технологиялары өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетін, қабылдау деңгейіне қарай ерекшеленіп қолданылады. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өздік қолтаңбасы, әдістемелік ізденіс, қолданған әдіс-тәсілдер арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.       Бастауыш сынып оқушыларының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор. Ағылшын тілінде және орыс тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту басты мәселе.  

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
Сабақта кең көлемде көрнекіліктер пайдалану;
Сабақты түрлендіріп өткізу;
Өздері жасаған суреттер, сызбаларды пайдалану;
Техникалық құралдарды тиімді пайдалану;
Сабаққа қатысты бейне таспа, фильмдер көрсету;
Әр түрлі өлең, ойын түрлерін ерекшеліктеріне қарай пайдалану;
    Білім – теңіз, оның тереңіне жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдардарды дайындайтын мұғалім. Ал, мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. Сол сабақтарда қолданылатын жаңа оқыту технологиясының тиімділігі оқушыларға терең білім беруде болып табылады.

Қазіргі кезде жалпыға танылған оқыту технологияларының тиімді түрлері:
Сыни тұрғысынан ойлау;
Ақпараттық оқыту;
Модульдік оқыту;
Деңгейлеп оқыту;
Ойын технологиясы;
     Әрбір оқыту технологиясының тиімділігіне тоқталатын болсақ, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы қазіргі сабақ жоспарларын құрғанда баланың сабаққа психологиялық дайындығын арттыруда кеңінен қолданылады.
Өздігінен жұмыс істеуге жаттығады;
Тілге деген қызығушылығы артады;
Топпен жұмыс;
Ребус, сөзжұмбақ шешу, әр түрлі ойындар ойнау;
Өздері , достары туралы ауызша айту;
Ауызекі диалогтар жасау;
Ойлау қабілеті артып, білімін нақтылайды;

Кейінгі кезде кең тараған әдістің бірі бейне жазба арқылы қысқаша үзінділер беріледі. Жаңа сөздердің аудармасы беріледі, соңынан тақырыпқа байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Бейнекөрініс бойынша қысқаша түсінгенін айтады. Бейнекөрініспен жұмыс істеу оқушының есту мүмкіндігін жетілідіріп қана қоймай, көзбен байқау қабілеті де дамиды. Бейне материал арқылы сөйлеуге дағдыланады,сабақтағы белсендігі артады. Осы тұрғыдан қарағанда «Интерактивтік әдіс» маңызды орын алады. Бұл әдіспен оқытудың басты мақсаты: өз бетінше ойын айтып, жауап табуға үйрету. Компьютерді пайдалану арқылы электрондық оқулықтарды қолдана отырып тест жүргізу тиімді әдістердің біріне айналды.
Бүгінгі таңда мультимедия технологиясы барынша танымал болуда . Қазіргі оқушы-қабілеті жоғары, дарынды, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін жеке тұлға. Мұғалім өзінің шеберлігіне қарай жаңа оқыту технологияларын үйлестіре білу керек. Әрбір жаңа технологияларды бір-бірімен ұштастыра үйлестіру арқылы сапалы білім деңгейіне көтерілуге, жетістікке жете алады.
     Қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген жаңа оқыту технологияларының бірі-модульдік технология.
Білім сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады;
Топтағы дарынды оқушыны табуға көмектеседі;
Барлығы тапсырманы бір деңгейден орындайды;
Өз бетімен логикалық орындау құрастыру;
Ойын салыстыру, қорытындылау, жинақтау дағдысын қалыптастырады;
Ешбір оқушы бос отырмайды;
     «Оздыра оқыту» технологиясының бір сипаты – оқушы қабілетінің деңгейін саралап оқыту. Бұл үшін алдын-ала дайындалған деңгейлік тапсырмалар беруге болады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі
тапсырма әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне 
қарай беріледі;
Мықтылар өздерінің қабілетін, икем дағдысын бекітеді;
оқыту әр түрлі топ ерекшелігіне сәйкес бейімдейді;
Әлсіздер өзіне деген сенімсіздіктерінен арылып, күшті топтарда оқуға деген ынтасы артады. 
     Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігі дамиды.
Оқушы белсенділігі артады;
Басқа тілді үйренуге ынтасы артады;
Көңіл-күйін сергітеді;
Сабақта алған білімін жинақтайды;
Саналы түрде ойлауға үйретеді;
Сұрақтарға жауап бере алады;
Оқытудың жаңа технологиясы сабақ процесінде мынадай нәтижеге қол жеткізеді:
Жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
Оқушыны басқа жақтарынан таниды;
Өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды;
Оқушының жұмысын бағалайды.
     Көптілдік жеке адамға ғана емес, қазақстандық қоғамға пайда әкелетін фактор деп санауымыз қажет. Көптілдікті дамыту барысында патриоттық тәрбиені күшейту мәселесі туындайды. Басқа тілдерді үйренумен, басқа мәдениетті білумен қатар, жас ұрпақтың өз елінің құндылықтарын биік ұстауына бүгінгі мектеп пен жоғары оқу орындары жауапты.

Тағы бір өзекті мәселе – көптілділікті дамыту барысында оқушылардың жүктемесін нормадан тыс асырмау. Тілдік пәндердің мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы осы бағытта атқарылатын істердің бірі болып саналады.

                          

                                       Әдебиет тізімі:

  1. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. –Алматы.2015.
  2. Асанов Ж. Ғылыми-педагогиканы зерттеу әдістемесі.2015.
  3. Ағылшын тілі мектепте. №1,2010.
  4. Городилова Г.г. Роль и место наглядности в процессе развития речевы навыков и умений.-М.1976.

Партнеры G Global