Международный секретариат G-Global г.Нур-Султан, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

ӘОЖ:332.1 (574)

 

ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ

ФИНАНСОВЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ РЕГУЛИРОВАНИЯ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА КАЗАХСТАНА

FISCAL INSTRUMENTS KAZAKHSTAN AGRIBUSINESS REGULATION IN MODERN CONDITIONS

Аймурзина  Б.Т .

экономика ғылымдарының докторы, доцент

Каменова М.Ж .

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Шоқан Р .

экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Омарова А.Т

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Мақалада соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы АӨК-ін қаржылық реттеу мәселелері қарастырылған. Ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігі және стратегиялық маңыздылығына байланысты саланы басқару мен өңірлік деңгейде қаржыландырудың ерекше әдісін әзірлеуді талап етілетіндігі көрсетілген. Саланың экономикалық өсімін мемлекеттік реттеудің басты міндеті - ауыл шаруашылық өндірісін инвестициялық дамыту болып табылады. Себебі, инвестицияның өсуі- ауыл шаруашылық өндірісін өсірудің; ауыл шаруашылығындағы тозған негізгі қорларды, өңірлік техникалық және технологиялық базаны жаңарту мәселелерін шешудің, сонымен қатар экономикадағы аграрлық сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз етуші негізгі факторлардың бірі.

Нарықтық экономика жағдайында аграрлық секторды қаржыландыру жағдайына талдау жасалған, ауыл шаруашылық өндірісі субъектілерін дамытуға ықпал ететін бюджеттік және несиелік тетіктерге назар аударылған.  Республикадағы АӨК-ін мемлекеттік қаржылық реттеуді әрі қарай жетілдіруге байланысты ұсыныстар берілген.  

В данной статье говорится о проблемах финансового регулирования АПК Республики Казахстан за последние годы. Отмечается, что стратегическая значимость и специфические особенности сельского хозяйства требуют разработки особых подходов к управлению данной отраслью, её инвестированием на региональном уровне. Главной задачей государственного регулирования экономического развития отрасли выступает инвестиционное развитие сельскохозяйственного производства, так как рост инвестиций является одним из основных факторов, способствующих подъему агропромышленного производства, решению проблем обновления региональной технической и технологической базы, изношенности основных фондов в сельском хозяйстве, обеспечению устойчивого развития аграрного сектора экономики.

 Проведен анализ финансирования аграрного сектора в условиях рыночной экономики, уделено внимание бюджетным и кредитным рычагам воздействия на развитие субъектов сельскохозяйственного производства. Даны предложения по дальнейшему совершенствованию государственного финансового  регулирования АПК республики.

This article deals with the problems of the financial and budgetary management of AIC of Kazakhstan in recent years. It is noted that the strategic importance and the specific features of agriculture requires the development of specific approaches to the management of the sector, its investment at the regional level. The main task of state regulation of economic development of the industry in favor investment development of agricultural production, as investment growth is one of the main factors contributing to the rise of agro-industrial production, solving the problems of renovation of regional technical and technological base, depreciation of fixed assets in agriculture, sustainable development of the agricultural sector of the economy .

The analysis of the financing of the agricultural sector in a market economy, attention is paid to the budget and credit levers of influence on the development of agricultural production entities. Suggestions for further improvement of the state financial control of AIC of the Republic.

Кілтті сөздер: бюджет, экономика, несие, инвестиция.

Ключевые слова: бюджет; экономика; кредит; инвестиции.

Key words: budget; economy; credit; investments.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік шығыстар мен субсидиялау жүйесін қайта қарастыру керектігі айтылған. Қазір көптеген салалар мемлекет есебінен әрекет етуде. Мемлекеттік шығындар мен субсидиялар жүйесін де қайта қараған жөн. Бүгінде бүтіндей бір салалар мемлекет есебінен өмір сүруде. Сонымен бірге, мәселен, «ҚазАгро» корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдау құралдары бүкіл ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тең жартысы үшін қолжетімді емес. Бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігін белсендірек қолдану қажет. Экономиканың басым салаларына жеке инвестицияларды ынталандыру бойынша қосымша шаралар қарастыру керек [1].

Қазіргі уақытта Қазақстанды әлемнің экономикалық дамыған елдерінің қатарына кіргізу туралы мақсат қойылғаны белгілі. Осыған орай, экономиканың аграрлық секторын сапалы тұрғыдан дамудың жаңа сатысына көтеру, оның жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету ауқымды әрі жауапты міндет болып табылады. АӨК-ін индустриалды-инновациялық жолмен дамытуға көшіру саланың материалдық-техникалық базасын нығайту,  ауыл шаруашылық өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарлату және ауыл шаруашылық кешенін қаржыландыруды ұлғайту есебі негізінен жүргізілу керек.   

Осыған байланысты АӨК-і кәсіпорындарының қызметін қаржылық қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін әзірлеумен және инвесторларды аталмыш салаға тарту үшін қажетті жағдайларды қалыптастырумен байланысты мәселелерді объективті тұрғыдан зерттеудің өзектілігі туындап отыр.        

Қаржылық қатынастардың және оның кейбір элементтерін дамыту тетіктері, сонымен қатар экономиканың аграрлық сферасын мемлекеттік реттеудің негіздері А.Б. Зейнельгабдин [2],  З.Д. Искакова [3],  А.А. Нурумов [4],  Г.С. Сейткасимов сынды отандық ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Аталмыш еңбектердің әдістемелік және тәжірибелік маңыздылығы бар, себебі онда елде жүргізіліп жатқан қаржылық-несиелік саясаттың теориялық негіздері қарастырылып, оларды іске асырудағы нәтижелер талданған, нарықтық шаруашылығы дамыған елдердегі қаржылық қатынастарды ұйымдастыру мәселелерінің тәжірибелері зерттелген. Сонымен бірге, аталмыш мәселелердің көптеген аспектілері әрі қарай зерттеуді талап етеді. Агроөнеркәсіп кешенін бюджеттік-салықтық және қаржылық реттеудің теориялық-әдістемелік негізделуі барыншы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Аталмыш салаға инвестиция тарту мәселелері толыққанды зерттелмеген.    

Өндірілген ауыл шаруашылық өнімінің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін жоғарлату мақсатында қолданыстағы технологияны, ескі құрал-жабдықты жетілдіруге бағытталған қосымша инвестиция керек.

АӨК-інің ерекшелігімен байланысты АӨК-ін қаржылық реттеуді жетілдіру- экономиканың нарықтық тетігінің маңызды мәселесі болып табылады. Ауыл шаруашылығы табиғи факторларға тәуелді, өндіріске маусымдық сипат тән, өнеркәсіппен салыстырғанда технологиялық жоспары бойынша артта қалған, өзгермелі экономикалық және технологиялық жағдайларға баяу бейімделетін сала болып саналады.    

Ауыл шаруашылық саласының табиғи және экономикалық жағдайларға тәуелділігі яғни табиғи-климаттық жағдайлардың ықпалы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру уақыты мен жұмыс уақытының сәйкес келмеуін көрсететін өндірістің маусымдылығы, қарыз қаражаттарына тәуелділік, айналым қаражаттарын біркелкі қолданбау, табыс алу мәселелері ауыл шаруашылық кешенін қаржылық реттеу мен қаржылық қамсыздандырудың ерекше тәсілін талап етеді [5].  

Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі- ауыл шаруашылық саласын оның ішінде азық-түлік нарығын қолдау болып табылады. Елде отандық экономиканы сауықтыру мен оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда. АӨК-нің негізгі мақсаты тұрғындарды азық-түлікпен, өнеркәсіпті ауыл шаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету және елдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау.   

2013 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта жалпы ауыл шаруашылық өнімін өндіру 38,6 пайызға артқан,  оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша да өсім байқалады (1 кесте).

1 Кесте Жалпы ауыл шаруашылық өнімдерін (қызметтерді) өндіру,  млн. теңге*

Атауы

2013

2014

2015

Жалпы ауыл шаруашылық өнімдерін (қызметтерін) өндіру

2 386103,5

2527890,3

3 307 009,6

оның ішінде:

     

жалпы өсімдік шаруашылығы өнімдері

1 313 003,5

1 327 855,2

1 825 236,7

жалпы мал шарушылығы өнімдері

1 064 338,1

1 189 555,4

1 469 923,1

Ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер

8 761,9

10 479,7

11 849,8

Ескерту: [6] әдебиет көзі негізінде құрастырылған

Қазақстанда  азық-түлік индустриясын дамытуға, мал шаруашылығын дамытуға, мал азығын өндіруге, ауыл шаруашылық өндірушілерін шикізатпен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылық өнімдерін әзірлеу мен қабылдауды ұйымдастыруға, тұтыну нарығын мүмкіндігінше тауарлар, қызметтермен қамтамасыз ететін басқа да салаларды дамытуға мүмкіндігі мол. Осыған байланысты аталған салаларға инвестиция салудың тартымдылығы жоғары. Елдің табиғи жағдайда жоғары сапалы биологиялық және экологиялық таза аграрлық өнімдерді өсіруге, өндіруге мүмкіндігі зор. Экономиканың жеке секторынан, мемлекеттен қомақты қаржылық ресурстарды қажет ететін, басқа да болашағы бар көптеген жобалар бар.     

Саланың қарқынды дамуы мемлекеттің қаржылық қолдау көрсетуінің тиімділігіне тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша 2015 жылы аграрлық саланы дамытуға республикалық бюджеттен 172,0 млрд. теңге, 2014 жылы 161,0 млрд. теңге берілген, бұл жалпы республикалық бюджет шығыстарының 2,5% құраған. Салаға 2011 жылы 229 млрд. теңге қаражат бөлінсе, 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 57 млрд. теңге немесе 133,1% артық қаражат бөлінген.         

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан отандық  экономиканы дамыту, қаржылық жүйе мен экономиканы тұрақтандыру бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында 607,5 млрд. теңге қаражат бөлінген. Ұлттық қордан бөлінген қаражат негізінен қаржы секторын қолдауға; тұрғын үй секторын дамытуға;  шағын және орта бизнесті демеуге; агроөнеркәсіп кешенін дамытуға;  инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.    

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру міндетін іске асыру, өңірлік шаруашылық деңгейіне ауыстырылып, өңірлердің шаруашылық қызметін кеңейтуді, республикалық және жергілікті бюджет арасындағы қарым-қатынас мәселелерін жаңаша ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржыландыру мен оны іске асыру нормаларын, дұрыс бағалау жүйесін жүзеге асыруды талап етеді. Сол себепті, өңірлік бағдарламаларды қаржыландырудың көздерін жергілікті билік органдарының құзіретіне берудің тиімді тетігін әзірлеу бюджетті реформалаудың қиындығына айналып отыр [7].

1 Сурет  Жергілікті бюджеттерден ауыл шаруашылығына бөлінген шығындар, млн. теңге

Ескерту: [6] әдебиет көзі негізінде құрастырылған

2013-2015 жылдар аралығында жергілікті бюджеттердің ауыл шаруашылығын дамытуға бөлген шығыстары 88,4 млрд. теңгеге не 157,7% өскен. Бұл ретте аталмыш салаға бағытталған бюджеттік қаражаттың басым бөлігі, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарының үлесіне тиесіліР (ܰ2 кесте).

Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тетіктерін кешенді қарастырған кезде,  жоспарлы жылдағы жекеленген бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау кезеңінде, бағдарламалар толық қанды зерттелмейді. Нәтижесінде бюджеттік қаражатты тиімді қолданбаған және игермеген бюджеттік бағдарламалардың саны артады. Өңірлерде инвестициялық жобалар және инвестициялық бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттың ысыраптылығы орын алуда.     

Несиелік ресурстар АӨК-нің кәсіпорындарын қаржыландыру көздерінің бірі болып табылады. Бюджеттік несиелендіру 2015 жылы төрт республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі арқылы 8 бюджеттік бағдарлама іске асырылды.

Оның ішінде жалпы соманың 31,5 пайызы ауыл шаруашылық министрлігінің әкімшісінің үлесіне тиесілі (агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға арналған іс-шараларды жүргізуге бағытталған).

АӨК субъектілерін қолдауға арналған іс-шараларды жүргізуге бағытталған, республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын Есеп комитетінің бағалауы бойынша 2015 жылы салаға 60 млрд. теңге (2014 жылы 40 млрд. теңге) бөлінген. Сонымен бірге тікелей жоспарлауда және соңғы нәтижелердің сандық көрсеткіштерін өзгертіп көрсету жағдайлары анықталған. 2015 жылы 2249 ауыл шаруашылық өндірушілері несиелендірілсе, бұл көрсеткіш жоспардан 2,5 есе артық [8].

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтеріне сүйенсек, екінші деңгейлі банктердің 2012- 2015 жылдар аралығындағы экономика салаларын банктік несиелеуі 2015 жылы 12674,2 млрд. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 127,3% немесе 2716,2 млрд. теңгеге өскен. Несиелеудің жалпы сомасындағы үлестің басым бөлігі сауда (20,1%), өнеркәсіп (12,0%) салаларына тиесілі болса, ал ауыл шаруашылығының үлесі 4,0% құраған (2 кесте).

2 Кесте ҚР-ның экономика салалары бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттері (2012-2015 жж,%)

 

2012

2013

2014

2015

Өнеркәсіп, %

12,0

11,4

11,3

13,4

Ауыл шаруашылығы, %

3,2

3,3

4,0

5,2

Сауда, %

20,1

19,5

20,0

20,9

Ескерту: [9] әдебиет көзі негізінде құрастырылған

Зерттеу көрсеткендей, екінші деңгейлі банктермен қарым-қатынастың қиындығы бар. Екінші деңгейлі банктердің және несиелік ұйымдардың ауыл шаруашылығын несиелендірілуіне жасалған талдау, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын қаржыландырудың жоғары тәуекелді екендігін көрсетіп отыр. Мемлекеттің аграрлық секторды қаржылық-несиелік қамтамасыз ету процесін реттеуі, негізінен екінші деңгейлі банктер арқылы бюджет қаражатын несие түрінде қаржыландырумен байланысты.

Қазақстан Республикасы ІЖӨ-нің өсуі, отандық аграрлық секторды дамытуға қомақты инвестиция бағыттауға мүмкіндік пайда болғанын көрсетуде. 2011-2015 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 720,2 млрд. теңге инвестиция салынған, бұл орташа есеппен жалпы инвестицияның 2,4 пайызын құрайды (2 сурет).

Бірақ, негізгі капиталға инвестицияның өсу қарқыны жеке меншік және  мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен артуда, қарыз қаражат салымдарының маңыздылығы төмендеген.

2 Сурет ҚР ауыл шаруашылығы негізгі капиталына инвестиция (2011- 2015 жж, млрд. теңге)

Ескерту: [6] әдебиет көзі негізінде құрастырылған

Ауыл шаруашылық өндірушілерінің басым бөлігінің қаржылық тұрақсыздығы, табыстарының төмендігі және тәуекелдерінің басымдығы саланың инвестициялық белсенділігіне кері әсерін тигізуде. Аграрлық сектор пайдасының төмен өсімі негізінен ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныстың және саланың өзіндік ерекшелігімен байланысты болуында.

Мал шаруашылық өнімдерінің рентабельділігі 2013 жылы 2009 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалса, ал өсімдік шаруашылық өнімдерінің рентабельділігі 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеген (3 сурет).   

Тек, 2014  жылы ғана рентабельділік көрсеткіші өсімдік шаруашылығы бойынша 35 пайызға, мал шаруашылығы бойынша екі есеге артқан.

3 Сурет Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру рентабельлігі (2009-2014 жж, %)

Ескерту: [6] әдебиет көзі негізінде құрастырылған

Жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады. Қаржылық-инвестициялық саясатты келесі бағыттар бойынша жүргізу керек:

- АӨК-дегі инвестициялық процесті реттеуге бағытталған заң қабылдау;

 - бюджеттік қаржыландыруды арттыру; қайтарымды және қайтарымсыз қаржыландыру формасымен берілетін республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарының тиімді, мақсатты жұмсалуына мемлекеттік бақылауды күшейту;

- ауыл шаруашылық жобаларын инвестициялауды мемлекеттік қолдау кепілдігінің тәжірибесін кеңейту;

 - отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы орта қалыптастыру;

- салықтық әкімшілендіру тетіктерінің тиімділігіне бақылауды күшейту, себебі фискальды салық жүйесі тікелей мемлекеттік шығыстардың көлеміне байланысты. Республика және өңірлерден экономикаға салықтық түсімдердің жоғарлығы,  жалпы алғанда оларды қайта инвестициялауға немесе өз-өзіне қолданылуына мүмкіндігін арттырады [10];

- қаржыландыру жүйесі саланың нығаюына әсер етеді және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемін арттыруға, шығынды азайтуға ынталандырушы әсер береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана от 30 ноября 2015 г. «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» [Электрондық ресурс].-2017.- URL: www.esep.kz (дата обращения: 28.05.2017)
  2. Зейнельгабдин А.Б. Налогово-бюджетные инструменты решения стратегических задач// Материалы международной научно-практической конференции «Экономическая, налоговая финансово-бюджетная стратегия РК на современном этапе», посвященной 75-летию д.э.н.,профессора академика МЭАЕ и КазНАЕН Нурумова А.А, КазУЭФМТ-24 февраля 2016 года. – С. 18-19.
  3. Искакова З.Д. Факторы стабильности финансового сектора Казахстана // Финансы Казахстана.-2011. - №3.-С.40-43.
  4. Нурумов А.А. Совершенствование налогообложения в Казахстане//Вестник Казахского университета экономики, финансов и международной торговли. – 2012.- №4.- С. 47-52.
  5. Сейткасимов Г.С. Экономическая ситуация в Казахстане: сегодняшние реалии и пути выхода из кризиса. Материалы Международной научно-практической конференции, посвященной 75-летию академика НАН РК Сейткасимова Г.С.- КазУЭФМТ.- 12 ноября 2015 г. – С.3-8.
  6. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері [Электрондық ресурс].-2017.- URL: www.stat.kz. (дата обращения: 28.05.2017)
  7. Исахова А.С. Совершенствование механизма эффективного использования бюджетных средств в регионах. Диссертация на соискание ученой степени доктора философии (PhD). Алматы, 2015 . 173 стр.
  8. Отчет Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета за 2015 год [Электрондық ресурс].-2017.- URL: www.esep.kz (дата обращения: 30.05.2017)
  9. ҚР Ұлттық банкінің статистикалық мәліметтері [Электрондық ресурс].-2017.- URL: www.nationalbank.kz. (дата обращения: 27.05.2017)
  10. Зейнельгабдин А.Б. О проблемах налоговой системы в Республике// Материалы Международной научно-методической конференции «Актуальные проблемы налогов, бюджета и системы подготовки экономических кадров», 25-26 февраля 2011, КазУЭФМТ. - С. 38-41

 

Партнеры G Global