Международный секретариат G-Global г.Нур-Султан, ул.Темирказык, 65, офис 116 тел.: 7(7172) 278903

ӘОЖ 33.332.1

Б.Бекбенбетова, Рахметулина Ж.Б., Рыспекова М.О.

       Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

Казақстан бүгінде біршама жетістіктерге қол жеткізген, экономикада өзіндік тәжірибесі бар мемлекет. Тәуелсіз ел ретінде, нарықтық қатынастар негізінде даму – қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани жағдайының өсуіне үлкен мүмкіндіктер берді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауында – қоғам болашағының бағыты айқын анықталып, даму бағдарламасы көрсетілген [1].

Жолдауда әлемде орын алып отырған қаржылық және т.б. тығырықтардан шығу жолдарын еспке ала отырып қысқа және ұзақ мерзімді атқарылатын индустриялдық-инновациялық бағдарламалар негізінде Казақстанның стратегиялық даму бағыты сараланып, айқындалған. Сонымен қатар, «Экономикалық жетістіктер теңгерімі мен әлеуметтік игілікті қалыптастыру» қоғам дамуының басты бағыты ретінде аталып отыр. Өйткені, ұлттық экономиканы нығайту және халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту жалпы ел дамуының, ал дәлірек айтсақ - аймақтар мен салалар дамуының басты басымдылықтары болып табылады.

Әлемдік тәжірибеде мемлекет экономикасы дамуының негізгі мақсаты - халықтың өмір сүру деңгейін және сапасын арттыру. Бұл мақсат аймақтар, салалар деңгейінде өз шешімін табатын мәселе. Сондықтан, аймақтың әлеуметтік–экономикалық дамуының негізгі, бұл - халық табысын арттыру, білім сапасын жақсарту, азық – түлікпен қамтамасыз ету, денсаулық саласын, кедейшілікпен күрес жүргізу, айналадағы табиғи ортаны жақсарту, халықтардың тең мүмкіндіктерін қалыптастыру және аймақ экономикасын тиімді басқару жүйесін жүзеге асыру болып табылады.

Аталған міндеттердің ішіндегі - аймақтық экономиканы тиімді басқару жүйесі бүгінгі таңда аса көңіл бөлетін бағыттардың бірі. Елімізде аймақтық экономиканы тиімді басқару - сол аймақтың территориялық, табиғи-климаттық, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, арнайы мемлекеттік билік органдары (мемлекеттік орталықтандырылған және жергілікті билік) арқылы реттеліп, жүзеге асырылады [2].

Мемлекетте аймақтар экономикасын басқару орталықтандырылған-республикалық және жергілікті билік органдары арқылы, үш деңгейде (республикалық→аймақтық→салалық ретінде) жүзеге асырылады. Аймақ экономикасын басқаруда аймақтық - мақсатты бағдарламалардың рөлі ерекше. Бағдарламалар мемлекет және аймақ экономикасының әлсіз және басым тұстарын анықтау, экономиканың дамуын жоспарлау негізінде құрылады. Мақсатты бағдарламалар мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырып, белгілі бір саланы дамытуға бағытталады.

Қазақстанда, оның бүгінгі даму барысын есепке ала отырып, келесі аймақтар топтарын ажыратуға болады:

1) мұнайлы өңірлер: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары;

2) энергетикалық: едәуір жақсы жағдайдағы электрэнергетикалық (Павлодар) және көмір өндіруші, басты саласы дотациялық (Қарағанды) болып бөлінеді;

3) өнеркәсіптік: Солтүстік Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Жамбыл облысы және Өңтүстік Қазақстан.

4) аграрлық және өнеркәсіптік дамымаған: Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Қостанай облыстары.

5) Бұл аймақтар арасында Алматы (қаржы орталығы ретінде) және Нур-Султан (бас қала ретінде) қалалары ерекше орын алады.

Мемлекет аймақтарының ағымдағы жағдайымен даму перспективасын сипаттайтын ең басты көрсеткіш, олардың жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлес салмағы болып табылады (кесте 1).

1 кесте - 2015 жылғы өңірлер дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштері, млн.тенге

Аймақ

Жалпы (аймақтық) Өңірлік өнім

Ауыл шаруа-шылығы

Өнеркәсіп

Құрылыс

Көтерме ж/е бөлшек сауда

Қызмет көрсету

Қазақстан Республ.

40884133,6

1 925866,5

10166976,4

2447736,1

6 994 015,8

19349538,8

Ақмола

1 121025,0

180 397,3

223 265,1

69 122,6

146 518,0

501722,0

Ақтөбе

1 769175,2

90 136,0

617 572,1

105 277,9

291 449,7

664739,5

Алматы обл.

1 976047,7

319 626,6

408 795,9

199 251,9

192 152,3

856221,0

Атырау

4 216773,5

56 728,8

2 185 945,1

324 409,4

133 697,8

1515992,4

Батыс Қазақстан

1 709 952,7

59 744,0

882 516,6

72 698,6

130 588,4

564405, 1

Жамбыл

1 014 504,6

121 433,6

179 352,1

83 549,6

115 482,3

514687,0

Қарағанды

3 107 085,6

112 360,2

1 344 026,8

132 147,8

404 313,7

1114237,1

Қостанай

1 378 258,4

173 616,5

281 038,6

79 474,9

207 495,2

636633,2

Қызылорда

1 164 800,0

45 036,3

407 312,0

104 185,7

90 601,5

517664,5

Маңғыстау

2 123 785,5

11 899,5

1 009 241,7

142 722,7

83 028,2

876893,4

Оңтүстік Қазақстан

2 508 380,9

232 810,4

658 204,2

156 782,4

272 804,1

1187779,8

Павлодар

1 736155,9

80301,2

555 681,5

137585,2

227834,9

734753,1

Солтүстік Қазақстан

837179,9

211241,7

98126,4

38476,0

129410,2

359925,6

Шығыс Қазақстан

2 311366,2

221467,4

683615,7

118282,1

322422,8

965578,2

Нур-Султан қ.

4 809636,5

5 647,9

210 496,2

437 693,1

1 005 895,4

3149903,9

Алматы қ.

9 100 006,0

3 419,1

421786,4

246 076,2

3 240321,3

5188403,0

Ескерту – ҚР статистика Агенттігінің деректкрі негізінде құрастырылған [3]

Жоғарғы кесте мәліметтерінен елдің ЖІӨ-не сай көрсеткіш болып табылатын жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылы 40884133,6 млн.теңгеyі құрап отыр.

Ең алдыңғы әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы өңірлер қатарында екі үлкен қалалар: Алматы және Нур-Султан. Егер Алматыда қаржыға байланысты операциялар көп жүргізілетін болса, Нур-Султанда құрылыс жұмыстарының көлемі басым көрінеді.

Төменгі суретте 2015 жылғы әр аймақтың жалпы (аймақтық) өңірлік өнімдегі үлесі (млн.тг) берілген (сурет 1).

1 сурет – Аймақтартардың жалпы өңірлік өнімдегі үлестері [3]

Алдыңғы көрсеткіштерге ие болған аймақтар қатарында: Алматы және Нур-Султан қалалары, олардан кейін орынды Атырау, Қарағанды, Өңтүстк Қазақстан және Шығыс Қазақстан өлкелері иеленіп отыр. Қалған аймақтардың даму мүмкіндіктеріде өте зор деп есептейміз, бірақ әртүрлі себептерге байланысты бұл жағдай кұрделеніліп отыр. 2015 жылғы мәліметтер негізінде, аталған аймақтардың экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы өңірлік өнім құрылымы төменде көрсетілген (сурет 2).

2 сурет – Аймақтартардың экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы өңірлік өнім құрылымы (млн.тг), 2015 жыл [3].

Келтірілген графиктен аймақтардың экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы өңірлік өнім ішінде, өнеркәсіп және құрылыс бағыттары Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Өңтүстік Қазақстан, Павлодар аймақтарында, сонымен қатар Алматы және Нур-Султан қалаларында басым дамығанын байқаймыз.

Республикада ауыл шаруашылығының даму деңгейі экономиканың нарықтық қатынастар жағдайына көшкен кезеңінен бастап, түрлі себептерге байланысты, көздеген мақсатына қол жеткізе алмады.

Графикте осы бағыт бойынша біршама алға шыққан аймақтар қатарында: Алматы облысы, Өңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан.

Аймақтартардың табиғы (салалық) ерекшеліктерін ескере отырып, олардың экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы өңірлік өнімдегі үлес салмағын (пайызбен) және осы аталған көрсеткіш негізінде анықталған аймақтардың алар орнын (рейтінгін) анықтаймыз (кесте 2).

Экономикалық көрсекіштерді мәніне қарай топтастырғанда, бірінші позицияда Алматы және Нур-Султан қалалары көрінеді. Екінші ретте, мұнайгаз өңірі деп: Атырау, Маңғыстау және Актөбені келтірдік, бірақ Маңғыстаумен Актөбенің өнеркәсіп саласы біршама дұрыс дамығанымен, басқа экономикалық қызмет түрлерінің көрсекіштері төмен болуымен байланысты 7-ші және 9-шы позицияны иеленіп отыр.

Үшінші топты энергетикалық бағыт деп: Қарағанды және Павлодар қалаларын қарастырып отырмыз, олардың иеленген позициялары 4-ші және 10-шы. Павлодар қаласының экономикалық қызмет түрлері бойынша көрсекіштері біркелкі, ортадан төмен деңгейде көрінеді, себебі өндірістегі негізгі капиталды жаңарту үдерісі төмен және т.б. Қарағанды қаласы жер асты байлығының мол болуына байланысты әрқашан алдыңғы позицияда, тіпті 2008-2013 жылдары 3-ші орынды иеленген [4].

пайызбен

орын

Облыс, қала

Барлығы

Ауыл шаруашылығы

Өнеркәсіп

Құрылыс

Көтерме ж/е бөлшек сауда

ЖІӨ бойынша аймақ рейтингі

Қазақстан Республикасы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Қаржы орталығы

Алматы қ.

22,26

0,18

4,15

10,05

46,33

1

Нур-Султан қ.

11,76

0,29

2,07

17,88

14,38

2

Мұнайгаз өңірі

Атырау

10,31

2,95

21,50

13,25

1,91

3

Маңғыстау

5,19

0,62

9,93

5,83

1,19

7

Ақтөбе

4,34

4,7

6,07

4,30

4,17

9

Энергетика орталығы

Қарағанды

7,60

5,83

13,22

5,40

5,78

4

Павлодар

4,25

4,17

5,47

5,62

3,26

10

Өнеркәсіп орталығы

Оңтүстік Қазақстан

6,14

12,09

6,47

6,41

3,90

5

Батыс Қазақстан

4,18

3,10

8,68

2,97

1,87

11

Жамбыл

2,48

6,31

1,76

3,41

1,65

15

Солтүстік Қазақстан

2,05

10,97

0,97

1,57

1,85

16

Аграрлық шаруашылық өңірі

Алматы обл.

4,83

16,6

4,02

8,14

2,75

8

Шығыс Қазақстан

5,65

11,50

6,72

4,83

4,61

6

Қостанай

3,37

9,01

2,76

3,25

2,97

12

Қызылорда

2,85

2,34

4,01

4,26

1,30

13

Ақмола

2,74

9,37

2,20

2,82

2,09

14

Кесте 2 – Жалпы өңірлік өніміндегі өңірлердің үлес салмағы                                                                                                                

Ал аймақтар шеңберінде, жалпы өңірлік өнімнің 2013-2015 жылдар аралығындағы өзгерісі төменгі суретте беріліп отыр (сурет 3).

Суреттен қарастырылып отырған 3 жыл ішінде барлық аймақтар бойынша жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалады. Оның ішінде көшбасшы болып жоғарыда аталғандай, Атырау, Қарағанды, Өңтүстік Қазақстан, Манғыстау облыстары, Нур-Султан және Алматы қалалары көрінеді.

3 сурет - Жалпы өңірлік өнім, ағымдық бағаларда,млн.теңге [3]

Алматы қаласы бойынша жалпы өңірлік өнім 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда -27,7%; Нур-Султан қаласы бойынша -38,1%; Атырау облысында - 6,0%; Қарағанды облысында -18,5%, Манғыстау облысы - 2,3%, Өңтүстік Қазақстан -17,1% өсіп отыр. Аталмай қалған аймақтар бойынша да жалпы өңірлік өнімнің өскені белгілі, бірақ олардық пайыздық мөлшерлемесі төмен. Төменде 2011–2015 жылдар аралығындағы халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, млн. тг келтірілген (сурет 4).

4 сурет -Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, мың.тг [3]

Қазақстан бойынша жалпы өңірлік өнім 2013– 2015 жылдар аралығында 13,6%-ға өскен. Ал халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 10,3%-ке өсіп 2015 жылы 2 330,4 мың тенгені құрап отыр.

Бұл көрсеткіштердің ең жоғарғы деңгейі 2015 жылы Атырау облысында - 7171,2 мың.тенгені, ал ең төменгі деңгейі Өңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында, сәйкесінше - 891,1 және 918,3 мың тенгені құрады. Мұндай қайшылықтардың себебі, мемлекеттегі шикізаттық емес салалардың даму мүмкіндіктерінің төмен болуында.

Сондықтан, бүгінгі күнде Қазақстан экономикасын әртараптандыру және шикізаттық емес салаларды дамыту өңір, аймақ, салалар дамуының басты бағыты болып отыр. Әр аймақта тартылған инвестициялар көздерін тиімді пайдалану негізінде – өндірістік негізгі капиталды жаңарту, алдыңғы қатарлы технологияны тарту және оны рационалды пайдалана білу, оған сәйкес болар профессионал жұмысшыларды дайындау ұдерісін сәйкестендіре, тоқтаусыз қамту қажет деп тұжырымдаймыз.

Әдебиет.

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -қазақстан дамуының басты бағыты». Нур-Султан 2012 жылғы 27 қаңтар. akorda.kz
  2. Ашимова Р. Аймақтың инновациялық даму үлгісі: тұжырымдамалық тәсілдері мен конструктивті элементтері // Экономика: стратегия и практика. – 2013. – № 2.
  3. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі. Қазақстан өңірлері. Статистикалық жинақтар. Нур-Султан 2015. gov.kz
  4. Бекбенбетова Б. Приоритеты структурной модернизации экономики Казахстана: Теория и практика реализации:Монография. Астан

Авторлар:

Бекбенбетова Б.Б. – э.ғ.к., Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ доценті. Нур-Султан қ, Аблай хан пр., үй 6/7, п.18. Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. тел.87773286431

Рахметулина Ж.Б. – э.ғ.к., доцент Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ «Экономика» кафедрасының меңгерушісі. Нур-Султан қ.,Тумарханым к., үй 37 Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. тел.87013267291,

Рыспекова М.О. – э.ғ.к., Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ доценті.. Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. тел. 87059120610

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан аймақтарының жалпы өңірлік өнімдегі үлес салмағы бойынша және халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім деңгейі негізінде экономикалық әлеуеті қарастырылған. Сонымен қатар, біршама жыл аралығындағы экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы өңірлік өнімге талдау жүргізілген. Аймақтардың экономикалық әлеуетіне сәйкес жалпы өңірлік өнім бойынша рейтингтері анықталған.

Кілт сөздер: ұлттық экономика, сфералары, экономикалық әлеует, жалпы өңірлік өнім, экономика салалары, өнеркәсіп, ауыл щаруашылығы.

СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ РЕГИОНОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Аннотация

В статье рассматривается экономический потенциал регионов Казахстана по удельному весу регионов в валовом региональном продукте, по уровню валового регионального продукта на душу населения. Также проведен анализ валового регионального продукта по видам экономической деятельности за ряд лет. Опредены рейтинги регионов по валовому региональному продукту, в соответствии с их экономическим потенционалом.

Ключевые слова: национальная экономики, экономический потенциал, валовой региональный продукт, отрасли экономики, промышленность, сельское хозяйство.

MODERN ECONOMIC DEVELOPMENT OF REGIONS OF REPUBLIC OF KAZAKHSTAN STATUS

Annotation

In the article economic potential of regions of Kazakhstan is examined on specific gravity of regions in a gross regional product, on the level of gross regional product per capita. The analysis of gross regional product is conducted on the types of economic activity for the row of years. Rating of regions is certain.

Keywords: national economies, economic potential, gross regional product, industries, industry, agriculture.

Партнеры G Global