Publications

Platform -> Publications -> Publications

Жеткіншек жастағы агрессия original

Бұл мақалада жеткіншек жастағы агрессия пайда болуының себептері мен оны жою жолдары және жеткіншек шақтың ерекшеліктері туралы айтылады.

Language : Қазақша
References and links

Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің 5-8 сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін " - деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осылай деп қарауын тілейді.Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті - оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады.


Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардық орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет. Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиеді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардың істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ықыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдер көруге ынталы, спортты ұнатады. Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы. Демек, баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік - ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі. Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстық әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.


Жеткіншек жастағы агрессия. Соңғы уақытта жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлығы ретінде қатігездік, агрессиялық жағымсыз ассоциалды мінез – құлықтарын интенсивті түрде зерттеу талап етіп отырады. Осындай ауытқушы мінез – құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу психология ғылымының негізгі мәселелері. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген жағымсыз мінез – құлық моделін көрсетеді. Кіші жеткіншек жастағы балалар басқа балалармен өзара әрекеттестікте және өзара қатынас барысында түрлі мінез – құлық модельдерін меңгереді. Өз құрдастарымен ойын балада агрессиялық реакцияларды көрсетіп, үйренудің мүмкіндігін туғызады.


Жеткіншек жаста баланың ішкі және сыртқы агрессиясы күшейеді. Жоғарғы қобалжу, күмәнданғыштық, түрлі қорқыныштарға бейімділік, мінез –құлықтағы қатігездік, агрессия сияқты ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін. Жеткіншектің жеке даралық сипаттамасындағы агрессиялық ересектердің түсінбеуіне қарсылық түрінде де көрінеді. Сонымен бірге өзінің қоғамда алатын орнына қанағаттанбаушылығынан туындайды. Агрессиялыққа оның темпераментінің табиғи ерекшелігі, мысалы тез қозушылық, әсерленгіштік эмоция күші, өзін -өзі ұстай алмау сияқты мінез бітістер ықпал етуі мүмкін. Осы мәселелер төңірегінде шетел зерттеушілері бала агрессиясы мен отбасындағы тәрбиелеу стилінің арасындағы тікелей байланысты тапқан. Шетелдік зерттеушілер А.Бандура мен Р.Уолтерс өз баласының агрессиялы әрекетіне аса көңіл бөлмейтін, тіпті қостауға бейім ананың баласы тағы да агрессиялы бола тусінетіндігін көрсетеді. Өте көп жалаған бала да жоғарғы агрессиялы мінез–құлық деңгейін көрсетеді, ата–анасынан, әсіресе әкесінен көп таяқ жеген бала өздерін бірқалыпты ұстап, тіпті тілалғыш болады да, бірақ басқалармен, өз құрдастарымен салыстырғанда жоғарғы агрессиялықпен ерекшеленеді. Жеке даралықты қалыптастыратын тиімді әуестенушіліктің жоқтығы, бос уақыттың молдығы делинквентті мінез–құлықтың қалыптасуының негізгі шарты.Толық емес отбасындағы жеткіншектербұзылған функционалды байланыс шамадан тыс бақылау, уағызға деген реакция, үйден қашу, кезбелік сияқты көріністерге ұласады. Жеткіншек балалардың девиантты мінез –құлықының алдын алу мен ескеру тек әлеуметтік тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да мән берілуі қажет. Алғашқы профилактикалық жұмыс төмендегідей шешілуі тиіс:

  • жеткіншектің жеке – даралық дамуының ауытқушылығына негіз болатын айналасындағылар жағынан әлеуметтік жағымсыз әсер мен тиімсіз факторлардың анықталуы мен жағымсыз бейімдейтін әсерлерді өз уақытында бейтараптандыру;
  • жеткіншектің мінез-құлқындағы ассоциялды ауытқушылықтың тиімді диагностикасы мен дифференцияланған тәсілдердің іске асуындағы тәрбиелілік профилактикалық амалдағы ауытқушы мінез-құлықтың психологиялық –педагогикалық коррекциясы.


Жеткіншектің агрессиялы мінез-құлқын зерттеуде Басса-Дарки сұрақтамасы кеңінен қолданылып келеді. Жеткіншек жастағы агрессияның алдын-алу үшін мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші индивидтік, жеке-даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторларға жүйелі талдау жүргізілуі, ауытқушылықтан сақтандыратын тәрбиелік алдын-алу жұмыстары толық үздіксіз жүргізілуі керек. Сондықтан жеткіншектегі ерте қалыптаспаған мінез-құлықтың мәселесі оның қалыптасуының сипаттамасын жүйелі талдау және үздіксіз адекватты тәрбиелік-корекциялық жұмыс баланың жағымсыз әлеуметтенуіндегі агрессиялы мінез-құлықтан сақтап қалудың сәті болып табылады.


Агрессия себептері және жою жолдары. Қазіргі жеткіншектердің үлкендердің ақылын тыңдамауын өзін қазіргі кездегі әртүрлі телехабарлардың көмегімен өмірді олардан артық түсінемін деп ойлауынан. Бала психикасына теледидардағы көрсетілетін қатыгездік, қаталдық мазмұндағы хабарлар, фильмдер қатты әсер етеді. Мультфильмдердегі, экрандағы күш көрсетулер баланың мінез-құлқында агрессия пайда болуына әкеп соғады. Бала ойын кезінде сол көргендерін қайталайды. Ол байлық пен даңққа осылай жетуге болады деп миына сіңіреді. Бала 14 жасқа келгенше, ғалымдардың есептеулеріне қарағанда, теледидардан 18000 кісі өлтіру көреді екен. Осылай теледидар мен тәрбиеші екі түрлі болып келеді. Қалыпты агрессия реакциясы бала өзін қауіпсіз сезінбеуден, ата-анасына керек еместігін білуінен болуы мүмкін, мақсатына жете алмаудан, түңілуден, көңілі қалудан болуы мүмкін. Агрессия қауіпті жағдайда адамға бейімделу мен қорғану функциясын атқарады. Бала аргессиясы көбіне өзінен кіші мен әлсіздерге, үй жануарлары мен ойыншықтарға бағытталады. Баланың тәртібінен өзіне көңіл бөлгізуге тырысуы, өкпеге қарсы іс-қимыл жасауынан, өзіне назар аударту үшін, кек қайтару үшін, билік, сәтсіздіктен қашуды байқауға болады. Демек, бала ата-анасымен қарым-қатынасқа зәру, ата-анасына жақын болғысы келу, өзін өкпе мен жан азабынан қорғауы. Баланы үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса, тұйықталады. Еш уақытта баланы басқамен салыстырмаңыз. Бұл жердегі ең басты нәрсе нәтижелі жетістік емес, сезім, сәттілік, ішкі сезім бостандығы, ой бостандығы, сыртқы қимыл бостандығы қимылдан, мимикадан білінеді. Егер бала агрессиясыз өссін десеңіз:

  • өз проблемаңызды балаға айтпаңыз;
  • егер ашулы болсаңыз, онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз;
  • егер бала сіз айтқан ережеге көнгісі келмесе, күштемеңіз;
  • күш көрсету түзеу орнына, бала қарсылығын арттыра түседі;
  • мәселелерді өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз;
  • егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз;
  • егер қиын жағдай кезінде не істеріңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырыспаңыз, асықпай ойланып кірісіңіз.


Балаңыз байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған ылғи көңіл бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап, қиын жағдай кезінде сөзсіз көмек көрсетіп, әр табысын көрсетіп, мадақтаңыз. Баланы жиі мақтаса, ол өмірде әділ, текті болуға үйренеді, қауіпсіз жағдайда өссе, адамдарға сенгіш болып өседі, оны үнемі қолдап отырсақ, ол өзін бағалауға үйренеді, түсінушілік пен достық жағдайда өмір сүруге үйренеді. «Өмір сабағын» өз тәжірибесінен алуға баланың құқығы бар. Бала дұрыс өсу үшін, оған сүйіспеншілік, өз күшіне сенушілік керек, біз үшін, үлкендер үшін өзінің қажетті, бағалы екенін сезінуі керек. Оған деген бақылау мен қамқорлық өз мәнінде болуы керек, тәрбие қарама-қарсылықсыз қалыпты, жалғасып отыруы керек, балаға, оның күшіне сену керек, оны қатыгездікпен жазалау баланың тұлғалық даралығын жояды.


Мінез-құлықтағы агрессияны жою барысында, түзету жолында төмендегідей ойындарды өткізуге ұсынамыз. «Өзіңді ұстауды үйрену». Мақсаты: Қиын балалардың бейімделуіне бөгеттерді азайту, олардың эмоциональды жағдайын және дене мүмкіндіктерін нығайту: теріс эмоциялардан құтылуға көмектесу эмоциональдық сферасын, қатынас: еріктік сферасын, т.с.с. дамыту. Жатығуларды күн тәртібінің сәттерінде, сергіту минуттарында және т.с.с. жағдайларда қолдану ұсынылады.«Шеңберді бұзып кір». Мақсаты: өзіне-өзі сенуге, жасқаншақтықты жеңе білуге, құрбыларының ұжымына кіруге көмектесу. Құрбыларымен қарым-қатынас жасауда қиындық көретін балаларды жеке алып қалады. Қалғандары бір-бірінің қолынан қатты ұстап, шеңбер жасап тұрады. Бала қатты жүгіріп келіп, шеңберді бұзып кіруі керек.«Айна». Мақсаты: басқалардың сезімін түсінуге және сезінуді тәрбиелеу. Балалар екіден бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады да, бір-бірінің көзіне қарайды. Біреуі бір қимыл жасай бастаса, екіншісі оны қайталайды.Тәрбиеші жест және мимика арқылы әртүрлі эмоциональды жағдайларды ұсынады (мұң, қуаныш, қорқыныш, ауыру, жек көру, т.с.с.).Қорыта келе жеткіншектердің бейімділігі немесе соларға тән мінез-құлыққа мағына құрастыру процесінің мотивтерімен байланысы, қоғамдық жағымды мақсаттарымен жеткіншектің әлеуметтік мәнді мінез-құлықтық идеологияларының арасындағы ара қатынастардың бұзылуына әкеледі. Біздің заманымыздың негізгі бір белгісі – «адамтануға» тереңдеу, адам проблемасын қорғау. Оның психологиясын жаңа замандағы алдыңғы жоспарына қою. Жеткіншек кезеңде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, оның қалыптасуының қоғамдық дамуымен үйлестіріп, сауатты басқару үшін әр жеткіншектің тәжірибесін және жеке тұлғалық ерекшелігін, эмоциялық – мотиватциялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағыттылығын ескеру керек.

  • No related publications were found
  • Not found related to the topic