Виртуалды жоба

Алаң -> Виртуалды жоба -> XXI ғасырдың он жаһа… -> «Қазақстан-2050» Стратегиясының нег…

«Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі ерекшеліктері мен инновациялық бағыттары

Стратегияның басты мақсаты Қазақстан– 2050 жылға дейін мықты мемлекет негізінде экономикасы дамыған берекелі ортаны қалыптастырып, жалпыға ортақ еңбекпен қамту. Осыған байланысты Жолдаудың басым бағыттары мен негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтсем: 1.Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – бұл бәсекеге қабілеттілік пен инвестиция қайтарымының экономикалық кіріс қағидасына негізделген прагматизмі. Барлық шешімдер экономикалық мақсатта және ұзақмерзімді мүдделі тұрғыда қабылдануы керек. Ол үшін еліміздің тең дәрежелі бизнес-серіктес ретінде қатыса алатын орындарды, яғни экономикалық даму нүктелерін анықтап, жаңа нарықтық бағыттарды айқындап алған жөн. Макроэкономикалық саясатты жаңғыртуға жаңа бюджеттік саясаттың қағидалары – бюджеттің жетіспеуін қысқарту және өз мүмкіндігі жеткенше жұмсау; тиімді әрі тексерілген бюджеттік-қаржылық үдеріс; мемлекеттік бюджет инвестициясын өнімді, ұзақ мерзімді және болашағы бар жалпы ұлттық жобаларға бағыттау. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, салық саясатында күшін жоймаған салықтық жеңілдіктерге тексеру жүргізу керек; әкімшілік басқаруды қалыптастыру; салықтық есепті азайту мен жеңілдету; электронды есеп беру жүйесіне толықтай ауысу; қаражатын білім мен медициналық сақтандыруға жұмсап жатқан азаматтар мен компанияларды салықтан босату жөніндегі тәжірибені енгізу. Салықтық саясатты - жаңа технологияларды шығарумен айналысып жатқан нысандарға қолайлы салықтық тәртіп қалыптастырып, салықтық есеп беруді жеңілдетуге бағыттау.
Таңдаулыға қосылды:
0
26.11.2013
334
1

Пікірлер

+ Пікір қосу
Бейсенбаева Аида Аршабековна, 31.01.2014 17:13 рейтинг: 1
Бейсенбаева Аида Аршабековна педагогика ғылымдарының докторы, профессор «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ғалым-оқытушылар, магистранттар, докторанттары қауымы зор ықыласпен тыңдап, ел мен халықтың болашағына бағытталған жоспарларға қолдау білдіруде. Елбасымыздың «университеттердің дербестігін қамтамасыз ету керек» деген ойы жоғары білім саласы үшін өте маңызды. Бұл орайда еліміздің жоғары оқу орындары өз мәселелерін дербес шешіп, «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында алға қойған міндеттерін жүзеге асырып, академиялық еркіндікті айқындайтын болады. Алдағы үш жыл ішінде еліміздің мектептерінде орын тапшылығы мәселесінің толық шешімін табатыны, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім алушылардың стипендия көлемінің 25 пайызға көбейетіні барша жас ұрпақ өкілдерімен қатар, педагогтар қауымын қуантып отыр. Бұған жауап ретінде оқытушылар мен білім алушылар Жолдауда белгіленген басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру, еліміздің баянды болашағы жолында аянбай бірлесе еңбек етуді өздерінің азааматтық парызы деп санайды.
Жауап беру